Название: Араб тілінің терминологиясы
Автор: Анар Мустафаева
Издательство: КазНУ
Жанр: Языкознание
isbn: 978-601-04-2223-0
isbn:
1. Араб терминологиясының қалыптасуындағы Аббас дәуірінің рөлін түсіндіріңіз.
2. Еуропа мен Шығыстағы, әсіресе Араб Шығысындағы терминологияның қалыптасуына тоқталыңыз.
3. Даналық үйінің араб терминологиясындағы орнын айқындаңыз.
4. Осман империясы билігі тұсында араб терминологиясының жағдайына тоқталыңыз.
5. Мұхаммед Әли билігі тұсында аударманың дамуы мен оның терминологияға әсерін анықтаңыз.
3-дәріс
Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдегі араб терминологиясы
Машриқ елдері ХХ ғасырдың бірінші жартысында, ал Мағриб елдері ХХ ғасырдың екінші жартысында тәуелсіздік алды; шетелді жаулау саясаты: Франция Араб Мағрибын кең көлемде жаулап алып, француз тілінің таралып, араб тілінің тіпті қарапайым азаматтар арасында қарым-қатынас аясынан да алынуына жағдай жасады (аккультурация саясаты), ал Машриқ елдерінде араб тілі түрлі салаларда қолданылуын жалғастырды; жаулап алынған араб елдерінің Еуропада білім алуға, ғылыми жаңалықтарды жүзеге асыруға ұмтылыстары Машриқ елдерін Еуропаның оқу және ғылыми ресурстарын өз елдерінің (араб) ғылымының дамуында белсенді түрде қолдануға әкелді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сирия мен Египет өз мамандарын Франция, Англия, Италияға еуропалық білім мен машықтарды кейіннен өз елдерінде қолдану үшін оқуға жіберді, ал бұл Мағриб елдеріне тән болмады.
Араб тілінің араб әлемінің барлық термин жүйесінде толық қолданылмауы келесі факторлармен түсіндіріледі:
Терминдердің бірегейленбеуі: әрбір араб елінің өздігінше СКАЧАТЬ