Название: Араб тілінің терминологиясы
Автор: Анар Мустафаева
Издательство: КазНУ
Жанр: Языкознание
isbn: 978-601-04-2223-0
isbn:
«المصطلح» лексикалық бірлігінің араб тілінің грамматикасына сәйкессіздігіне келетін болсақ, ол көптеген зерттеушілердің пайымдауынша «дербес емес», себебі ырықсыз етіс есімшесі негізгі сөзсіз қолдана алмайды, есімше негізгі сөзге тәуелді, дегенмен араб тілінде ырықсыз етіс субстантивациясы – жиі қолданылатын үрдіс. Мысалы, «المعجَم» сөздік (тура аудармасы диакритикалық нүктелермен), «المكتوب» хат (тура аудармасы жазылған), «المقولة» пікірлер (тура аудармасы айтылған, салыстырып қарасақ «مقولات الفارابي» әл-Фараби трактаттары) және т.б.
Сонымен, қазіргі араб тілінде «термин» сөзін «الاصطلاح» (VIII бап масдары) және «المصطلح» (VIII бап етістігінің ырықсыз етіс есімшесі) екі синоним береді, ал жиі қолданылатыны «المصطلح».
Араб терминологиясы тарихында В.М. Белкин классикалық және қазіргі деп екі кезеңді көрсетеді. Классикалық кезең – тіл білімі, тарих, мұсылман ғылымдары бойынша терминдік жүйелердің қалыптасу кезеңі, грек тіліндегі химия, математика, астрономия және философия термин жүйелерінің енуі және қолданысқа түсуі. Араб тілінің қазіргі терминологиясы төл ресурстарымен дамуы үшін сөзжасам мен лексика-семантикалық деривация әдістері арқылы дамиды, сонымен қатар мұнда жаңа калькалау, аббревиация және т.б. әдістер қолданылады [8, 119-б.]. Дегенмен «الاشتقاق» сөзжасам, «المجاز» лексика-семантикалық деривация, «النحت» аббревиация, «التعريب» арабтандыру (арабизация) және «الترجمة» аударма (калькалау) ежелгі ғалымдар үшін де белгілі болды [14, 42-б.]. Демек, термин жасау тәсілдері ежелгі уақытта қалыптасып, қазіргі таңда да жалғасын табуда. Классикалық кезеңде араб терминологиясы тек қалыптасып қана қоймай, сондай-ақ нәтижелі түрде дами бастады. Аббас дәуірі – араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының гүлдену кезеңі. Араб халифтерінің сарайда ғалымдар мен тәжірибелі кеңесшілерді ұстауы Араб халифатының ішкі саясатының бағыттарының бірі ретінде қарастырылды. Араб-мұсылман мәдениеті әлемге тек рухани және материалды мәдениеттің ескерткіштерін ғана емес, сонымен қатар медицина, астрономия, математика сияқты СКАЧАТЬ