Название: Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау
Автор: Назгүл Дaлaбaевa
Издательство: КазНУ
Жанр: Химия
isbn: 978-601-04-2272-8
isbn:
Тірі ағзаларды тез өлтіретін газ H2S-нан асқан газ жоқ болар. Таза күкіртсутекті иіскеген адам бірден есінен танып, тыныс алу орталығының сал боп қалуынан өлі боп құлайды. 1 м3 ауаның құрамында 1-2 л күкіртсутектің болуынан, жануарлар 1-2 минут ішінде өледі екен. Қаладағы күрелген қоқс төгетін жерлер қолмен тазаланған кезде, күкіртсутекпен улану құбылыстары жиі болады. Бақытымызға орай, күкіртсутек ауада тез тотығады, сондықтан да біз оның аз ғана мөлшерін жұтамыз, бірақ жыл сайын Жер атмосферасына шамамен 1 млн тонна күкіртсутек келеді екен. Оның көптеген мөлшерін жанартаулар мен гейзерлер бөледі. Солардың салдарынан Әлемдік теңіздердің көп жерлерінде мәңгі мұздықтар болады. Осы құбылыстың классикалық үлгісі – Қара теңіз. Күкіртсутектің концентрациясы 100-150 метр тереңдіктен төмен жерлерде тіршілік мүлдем байқалмайды. Сонымен бірге, күкіртсутек болмаса да, тірі ағзалар тереңдігі 10 км болатын теңіз түбінен де табылған.
Күкіртсутекпен қаныққан өлі жерлер көптеген теңіздерде кездеседі. Кейде теңіз толқындары арқылы олар жер бетіне жақын көтеріледі, сол кезде түсініксіз құбылыстар байқалынады. Перу жағалауына жақын жерде жүзетін, аппақ қардай теңіз лайнері бір түннің ішінде-ақ қара түске ауыса алады. Бұл құбылыс «перулік суретші» деген ерекше атқа ие болды. Білмейтін кісі мұны «теңіз әзәзілінің» әрекеті деп қабылдауы мүмкін. Шындығында, бұл күкіртсутектің әсерінен болатын құбылыс, ол теңіз суынан бөлініп, аппақ қардай қорғасынды бояуларды қара түсті қорғасын сульфидіне айналдырады.
Күкіртсутек осыған ұқсас операцияны күміспен орындайды, ол күмісті қара түсті күміс сульфидіне айналдырады. Өткен ғасырларда теңіз суларында қаншама қанды соқтыстар болаған, теңізшілер жарқыраған күміс заттардың орнына қара бұйымдарды тапқан. Сол сәтте сиқыршыларды шақырып, өзара айыптап, оларды өзара ұрып соғып, күдіктілерді қатаң жазалаған. Шынайы кінәлі – күкіртсутек – ешкімнің күдігінде болмады.
Күкіртсутектен басқа жалпы формуласы H2Sn-нен жиырмадан аса поликүкіртсутектер бөлінген, мұндағы n = 2 – 23.Бұл жағымсыз иісті зат сары және қызыл-сары сұйықтықтар. Ондағы күкірт атомдары сутек атомдарымен зигзаг тәрізді тізбектер түзіп, бір-бірімен байланысқан. Мысалы:
Молекулалардың аз полярлығынан олардың бәрі суда нашар ериді және одан да нашар диссоциацияланады. Бірақ сонда да персульфид тұздарын түзіп, қышқылдық қасиет көрсетеді. Поликүкіртсутектер мен олардың тұздарының көбісі S-S байланысының әлсіз болуынан тұрақсыз. Қарапайым сақтаудың өзінен олар күкірт элементін бөлу арқылы таралады.
Күкірттің ұқсастары: селен, теллур, поллоний – сутекпен күкіртсутек сияқты қосылыстар түзеді: H2Se, H2Te, H2Po. Қалыпты жағдайда олар түссіз улы газдар. Олардың улылығы күкіртсутекке қарағанда үш есеге көп, сондықтан олармен жұмыс істеген кезде өте мұқият болу керек. Суда селенсутек пен теллурсутек күкіртсутекке СКАЧАТЬ