Название: Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау
Автор: Назгүл Дaлaбaевa
Издательство: КазНУ
Жанр: Химия
isbn: 978-601-04-2272-8
isbn:
Балқытқыш (фторсутек) қышқыл галогенсутек қышқылдарын өндіруде маңыздылығы мен көлемі бойынша екінші болып саналады. HF формуласы жоғары температурада газ фазасындағы фторсутектің формуласы ғана. Фторсутекті 19,5 °C-ден төмен температурада суытқанда, ол диссоциацияланбаған молекулалардан құралып, күшті сутектік байланыстармен берік ассоциаттарға (HF)n біріккен, түссіз сұйықтыққа айналады. Бұл ассоциаттар суда ерігенде гидраттарға орын беріп, жаймен бөлінеді. Түзілген ерітіндіні балқытқыш қышқыл деп атайды. Ол әлсіз диссоциацияланады.
Бұл құмның негізгі бөлігі – кремнийдің (IV) оксидін жеңіл ерітетін жалғыз қышқыл:
Бөтелке шынысының құрамында кремний оксидінің бірталай мөлшері болатындықтан, балқытқыш қышқылды шыны немесе керамика ыдыстарда емес, полиэтиленді немесе полихлорвинилды ыдыстарда сақтау керек. Егер тәжірибесі жоқ химик осы қышқылды шыны құтыға құйып, оны реактивтер тұратын сөреге қойса не болатынын елестету қиын емес. Құтының төменгі бөлігі желініп, қышқыл сөреге төгіледі де басқа реактивтермен араласып, үлкен қиындық туғызады.
Балқытқыш қышқылдың келесі бір ерекшелігі – ол ешқандай да тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді, себебі фторид-ионды ешқандай реагент тотықтыра алмайды. Сондықтан да балқытқыш қышқыл мен сұйық фторсутекті өте күшті тотықтырғыш ерітінділерін дайындау үшін қолданады, олардың көмегімен кейбір элементтерді олардың жоғары тотығу дәрежелеріне дейін тотықтыруға болады. Мысалы алтынды криптон (II) фторидімен HF ортасында тотықтыру арқылы, кристалдық күйдегі AuF5-ті алған, мұнда алтын +5 тотығу дәрежесін көрсетеді. Шамамен осы жолмен мырыш (IV) фториді ZnF4 мен рубидий (IV) гексафторкупраты Rb2[CuF6] бөліп алынды, мұнда мыс пен мырыштың тотығу дәрежелері +4-ке тең.
Балқытқыш қышқыл электрхимиялық кернеу қатарындағы сутекке дейін орналасқан металдарды жақсы ерітеді. Бірақ мұнда да өзінің ерекшеліктері бар. Кейбір металдардың фторидтері (Ni, Fe, Cu) суда және балқытқыш қышқылда ерімейді. Металды берік қабатпен қаптап, олар оның қышқылмен әрекеттесіп кетуінің алдын алады. Осы себептен хлорсутекті никель, мыс және болатпен қапталған ыдыста сақтауға және алуға болады. Тек қана оны емес, таза фтор немесе фторидтердің қабаттарын да аталған металдар фтор әсерінен қорғайды.
Балқытқыш қышқыл тірі ағзаларға күшті әсер етеді. Оның буларын иіскегенде, мұрынның шырышты қабаттарын күйдіреді. Теріде ауру жаралары түзіледі. Ол әсіресе сүйекті, тісті, тырнақты тез бұзады. Жұмыс мекемелеріндегі оның мүмкін болатын буларының шегі 0,005 г/м3.
Балқытқыш қышқылдың улылығын зиянды жәндіктермен және микроағзалармен күресу үшін қолданады. Мысалы, ағашты ерігіш қышқылмен және оның тұздарымен сіңдіреді. СКАЧАТЬ