Название: Жалпы гидробиология
Автор: Б. Минсаринова
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2166-0
isbn:
Сасықкөл көлі үлкендігі бойынша Алакөлден кейінгі екінші орында. Көлдің ауданы – 736 км2, ұзындығы – 49,6 км, ені –19,8 км, ең терең жері 4,7 м. Су массасының көлемі – 2434 млн. м3, тұщысуының минералдануы 0,2-0,5‰-ге жетеді. Көлдің бір ғана нағыз саласы – Тентек өзені, оның құйылысы осы суқоймасының ихтиофаунасы үшін негізгі өсіп-өну учаскесі болып табылады.
Қошқаркөл көлі – үлкендігі бойынша Алакөл мен Сасықкөлден кейінгі үшінші орында. Көлдің ауданы – 120 км2, ұзындығы – 18,3 км, ені – 9,6 км. Ең терең жері – 5,8 м (орташа тереңдігі – 407 м), су массасының көлемі – 488,75 млн. м3, судың минералдануы – 0,8-2,0‰. Көлдің формасы эллипстәрізді, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған, жағалауы шамалы болса да тілімденген. Көлдің тереңдігі бірте-бірте артады және көлдің оңтүстік шығысында максимумға жетеді. Қошқаркөл көлінің салалары жоқ және Сасықкөл есебінен суға толады, ол жағалық белестен судың сүзілуі және жерүсті құйылымдары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар Жіңішкесу өзенінен де су алады.
Алакөл көлдер жүйесінің гидрофаунасы. Алакөл көлдерінің гидрофаунасын зерттеу XX ғасырдың 40-жылдарынан басталған. Зоопланктон мен зообентостың құрамы мен сандық дамуы туралы деректер алғаш рет Н.О. Савинова мен А.М. Самоновтың еңбектерінде келтірілген. Көлдің зоопланктонын алғаш рет зерттегенде олардың жалпы саны 31 түрді құраса, зообентос аздаған хирономид дернәсілдерінен және олигохеттерден тұрған (Стуге және басқалары, 2004; Эпова, 2004).
Зоопланктон. Жүйенің үлкен көлдерінің зоопланктонын 1954 жылдың көктемі мен жазында ҚазССР Ғылым Академиясының Зоология институтының кешенді экспедициясының құрамында болған А.С. Малиновская зерттеді (Малиновская, 1959). Көлдерде зоопланктон құрамынан 50-ге жуық түр табылған, олардың негізгісін коловраткалар (22 түр) мен бұтақмұртты шаяндар (18 түр) түзеген. Ең көп түрлік алуандылық тұщысулы Сасықкөлде (43 форма) анықталған, ал тұзды Алакөл мен Қошқаркөлдің әрқайсысында 27 таксоннан табылған.
Одан кейінгі 30 жыл ішінде, яғни 1963-1996 жылдары, көлдің гидрофаунасы біршама толықтай зерттелді. 90-жылдардың аяғында Алакөл көлдерінде зоопланктонның 88 түрі есепке алынды, негізгілері коловраткалар болды – 56 түр.
2002 жылдан 2005 жылға дейінгі зерттеулер көлдің зоопланктонының құрамында 107 су омыртқасыздары болатындығын анықтады, олар, негізінен, коловраткалардан (61 түр), бұтақмұртты (24 СКАЧАТЬ