Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 37

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ басым болды. Оңтүстік Каспийде бентостың ең жоғарғы биомассасы қысқы (63,83 г/м2) және жазғы (51,26 г/м2) кезеңдерге сәйкес келеді.

      2005 жылдың күзінде Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында зоопланктонның 31 таксонға жататын өкілдері анықталған. Қауымдастықтың негізін шаяндардың эвригалинді және теңіздік түрлері (Copepoda – 8 түр, Cladocera – 5түр), кең тараған эвригалинді коловраткалар (Rotatoria – 8 түр) құрады. Зоопланктонның орташа саны 44,47 мың дана/м3 құраса, биомассасы 299,25 мг/м3 болды. Сандық көрсеткіштердің негізін ескекаяқты шаянтәрізділер құрады. Олардың саны бойынша үлесі 82,5 %, ал барлық қауымдастықтағы үлесі 95,5 % болды (Стуге, 2006).

      2007 жылдың маусым айында солтүстік шығыс Каспийде зоопланктонның 16 таксонына жататын организмдер табылды. Олар: медузалар – 1 түр, коловраткалар – 1 түрше, ескекаяқты шаяндар – 2 түр, сонымен қатар түптік немесе бекініп тіршілік ететін организмдердің – моллюскалардың, мұртаяқты шаяндардың, шаянтәрізділердің және көпқылтанды құрттардың дәрнәсілдері. Саны жағынан планктон қауымдастығының негізін ескекаяқты шаяндар құрды (20,7 мың дана/м3 және 499,7 мг/м3), олардың үлесіне саны бойынша барлық зоопланктонның 94 %-ы және биомассасы бойынша 98 %-ы тиесілі болды.

      2007 жылы маусымда Каспий теңізінің шығыс жағалауында зообентос құрамынан омыртқасыздардың 33 таксоны анықталды: құрттар – 5 түр, моллюскалар – 5, шаянтәрізділер – 22, насекомдардың дернәсілдері – 1 түр. Кездесу жиілігі бойынша олигохеттер (70-90 %), Hediste diversicolor O.F.M. полихетасы, Abra ovate (Phil.) моллюскалар басым болды. Шаянтәрізділердің арасында Stenocuma gracioloides (Sars) және Stenogammarus similes (60-70 %) басым болды.

      2007 жылы зообентос, негізінен, құрттар, моллюскалар және шаянтәрізділер есебінен қалыптасты. Акватория бойынша орташа санды (52 %) олигохеттер мен Hediste полихетасы құрды, ең басым шаянтәрізділер (36 %) болды. Биомассаның негізін маңыздылығы жағынан құрттар мен шаянтәрізділермен бірдей болатын A. ovate моллюскалары (76 %) түзді.

      2008-2010 жылдары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің зоопланктоны 82 таксонның өкілдерінен тұрды. 2009 жылы сәуір айында солтүстік Каспийдің олигогалинді аймағында қауымдастықтың негізгі ядросын коловраткалар мен шаяндардың ащылаусулы және тұщысулы түрлері құрады. Олар: Asplancha priodonta (кездесу жиілігі 100 %), Notocla sarsi (75 %). 2009-2010 жылдары көктем айларында орталық Каспийде кездесуі бойынша эвригалинді Acartia tonsa басым (100 %) болды. 2008 жылы ащылаусулы аймақта B. longirostris, коловраткалар арасында A. priodonta, B. diversicolor және Keratella tropica басым болды. Мезогалинді аймақта ащылаусулылық эвригалинді коловраткалар (6 таксон) мен бұтақмұрттылардың (7 таксон) үлестері артты. Солтүстік шығыс Каспий суының максимум тұздануы кезінде (7,9-11,8‰) зоопланктон, негізінен, теңізден келгендерден тұрды. Олар Blackforida virginica медузасы және Moerizia туысы, Mnemiopsis leidyi ескекшісі, ескекаяқты калянипеда және акарция, моллюскалардың, полихеттердің, мұртаяқты шаяндардың дернәсілдері.

      2009 жылдың қазан айында солтүстік шығыс Каспийдің зоопланктон құрамынан 41 таксон анықталды. Олардың арасында 6 түр басым болды: 3 түр ескекаяқты шаяндар (Acartia tonsa Dana, Calanipeda aquaedulcis Krischagin, СКАЧАТЬ