Название: Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару
Автор: Өтеғали Шеденов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0673-5
isbn:
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің әр алуан зерттеушілік тәсілдемелерін талдау негізінде, біздің пікірімізше, экономикалық жүйенің тұрақты дамуы сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалуды әрі шоғырлануды қамтамасыз етеді, ал мұндай жағдай қоғамдық-мемлекеттік дамуға арналған әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен, жүйелік білім ретіндегі әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік төмендегі негізгі компоненттерден тұрады: технологиялық, азық-түлік, қаржы-несиелік, өнеркәсіптік, сыртқы экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-коммуникациялық, әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық) және т.б.
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздік жүйесінің негізгі элементі болып табылады. 1998 жылы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында «әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, үдерістер мен факторлардан қорғалуының жай-күйі» деп көрсетілсе, 2012 жылы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңда «экономикалық қауіпсіздік – экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі» делінеді. Яғни, қазіргі Қазақстанның ұлттық экономикасының тәуелділігін болдырмау басты мәселе, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекетімізге инвестиция тарту маңызды болды. Бұл мәселе шешілгеннен кейін ендігі кезекте оның жемқорлық салдарымен күресу келесі орынға шықты, яғни әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік мәселесі арта түсті. Ал 2007-2014 жылдардағы әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс, Қазақстандық өнеркәсіп салаларындағы өндіруші мен өңдеуші сала арасындағы диспропорция, аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуының диспропорциясы, халық кірісіндегі дифференциясының күшеюі әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікке одан әрі баса назар аудару керектігін көрсетті. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері үнемі күрделене түсуде, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің қауіп қатерлерінің орнына келесі одан да қиынырақ және күрделірек жағдайдың болуын байқауға болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бұл ел егемендігінің кепілі, қоғамның тұрақты және тиімді өмір сүруінің жағдайы, жетістікке жету жолы. Экономика қоғам, мемлекет және тұлға қызметінің маңызды жақтарының бірін сипаттайды, яғни ұлттық қауіпсіздік түсінігі экономиканың СКАЧАТЬ