Название: Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару
Автор: Өтеғали Шеденов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0673-5
isbn:
Соңғы жарты жүз жылдықта ұлттық әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлерін қалай есептеу керек және онымен қалай күресу керектігі бойынша экономисттеоретиктердің үш негізгі тәсілі құрылды (1-кесте):
– сыртқы әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қорғаудың камералисттік концепциясы (ХІХ ғ. ортасынан бастап);
– ішкі макроэкономикалық қауіп-қатерлерден қорғаудың кейнсшілдік концепциясы (ХХ ғ. екінші жарты жылдығынан бастап);
– әкімшілік тосқауылдардан қорғаудың институтционалдық концепциясы (ХХ ғ. аяғынан бастап).
Ұлттық әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің камералисттік түсінігі осы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күрестің негізгі ауыртпалығы импортты шектеу бойынша заңдарды бастаушы орталық үкіметке, сонымен қатар шетел тауарларының контрабандасымен күресті жүргізетін кеден және шекара қызметкерлеріне түседі деп болжайды.
Кейнсшілдер ұлттық экономика үшін негізгі қауіптер шетел тауарларының бәсекелесі емес, жұмыссыздық және экономикалық тоқырау болып саналды. Осы қауіптермен күресу үшін үкіметке шаруашылық қызметін белсенді реттеуді тек субсидия мен мемлекеттік тапсырыстарды үлестіріп беру арқылы ғана емес сонымен қатар, бәсекелестікті тікелей әкімшілдік басқару мен бағалау орнату арқылы жүзеге асыруды ұсынды.
ХХ ғ. екінші жартысында кейнсшілдердің әсері азайып, неоклассикалық экономикалық теорияның приоритетті әсері пайда болды. Егер кейнсшілдер мемлекеттік реттеуді дұрыс деп үміттенсе, ХХ ғ. екінші жартысындағы неоклассиктер оның шектеулілігін алға тартты.
Дегенмен, неоклассиктер ұлттық экономикалық мүддеге қауіптермен күресу әдісін ұсынды. Олар осынысымен кейнсшілдерден ерекшеленді. Бірақ, олар сол мүдделерді түсінуге кейнсшілдермен ұсынылған тәсілді қабылдады. ХХ ғ. екінші жартысында неоклассиктер декларация деңгейінде жалғыз экономикалық субъект индивид деп сендіруді жалғастырды.
Э. де Сотоның институтционалдық нұсқасына сәйкес ұлттық әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қауіп-қатерлері әкімшілік тосқауылдар табылады – «жаман» заңдар немесе «жақсы» заңдардың нашар орындалуы. Сәйкесінше, мазмұны экономикалық демократияның нормаларына сай келетін және осы заңдардың орындалуын бақылайтын жаңа заңдардың қабылдануы осы қауіп-қатерлерді тоқтату шаралары болуы тиіс.
Ұлттық әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің үш негізгі парадигмалары – камералисттік, кейнсиандық және институтционалдық – бір-бірін өзара толықтырады. Әрбір елдің ұлттық экономикасына нақты немесе потенциалды қауіпқатерлер шетелдік бәсекелестерден де (Ф. Лист осыған көңіл бөлген), «нарық құлдырауымен» де (Дж. М. Кейнс осы туралы жазған), және «мемлекет құлдырауымен» де (Э. де Сотоның ойы бойынша) болуы мүмкін. Ұлттық саясаттың мақсаты – барлық қауіп-қатерларге қарсы әсер ету үшін шектелген ресурстарды үнемді пайдалана отырып, неғұрлым қауіпті қатерлерді объективті СКАЧАТЬ