Название: Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару
Автор: Өтеғали Шеденов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0673-5
isbn:
– Жергілікті аймақтың экономикасының жалпы республикалық еңбек бөлінісіндегі орнын ескеру, орталықтандырылған қаржы-қаражатты жергілікті халықтың жұмысбастылығын және жергілікті аймақтық экономика өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жергілікті аймақ экономикалық шаруашылықтарын қайта құруға бағыттау сияқты негізгі қағидаларға сүйене отырып, жергілікті аймақтарға әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету;
– Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың белгілі бір бөлігін орталық атқарушы органдардан жергілікті басқару көлемін сақтау;
– Алдағы жылдың бюджетін жасақтауға барлық жергілікті аймақтар экономикасының өкілдерінің міндетті түрде қатысуы.
Макро деңгейде жергілікті аймақтық экономиканы басқару және ұйымдастыру механизмдерінің құралы ретінде: әлеуметтік-экономикалық, қаржылық әдістер, инфрақұрылымды ұсыну және қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың көпшілік елдері қолданып жүрген жергілікті аймақтардың экономикасының дамуын ынталандырудың ортақ шараларын қолдану. Қазақстан Республикасында жергілікті аймақтар экономикасын дамытуды басқарудың қаржылық әдістері көбірек қолданысқа түседі, атап айтқанда, бюджетке демеуқаржы (дотациялар), жаңа жұмыс орындарын құруға субсидярлар, жеке компаниялардың дамыған немесе дағдарысты жергілікті аймақтарға инвестиция салуын ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктер беру. Сонымен бірге қаржылық әдістерді қолдану жеткілікті негіздеусіз жүргізіліп, бірқатар жергілікті аймақтар тарапынан масылдық пиғылдың тууына және олардың дамуын тежеуге алып келеді, сондай-ақ донор – жергілікті аймақтардан алынатын қаржының шамадан артуы, олардың өсуге деген ынтасын төмендетеді және тиімсіз жағдайға қояды, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мүмкіндіктерін қысқартады.
Жергілікті аймақтар экономикасын дамуды орталықтан басқарудың басқа нысандары, атап айтсақ, нарықтық инфрақұрылымның түрлі элементтерін ұсыну; ақпараттық желілердің, консалтингілік қызметтің дамуына, белгілі бір жергілікті аймақтың экономикасының аумағында бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға ықпал ету; білім беру және басқа да қызметтер көрсету жолымен аймақтарға аталуы, қолдау көрсету сияқты нысандар салыстырмалы түрде көп қолданысқа түсе бермейді. Жалпы алғанда, жергілікті аймақтық механизм құралдарын тиімді қолдану орталық пен жергілікті аймақтар экономикасы арасында қаржылық-экономикалық өзара әрекеттің оңтайлы үлгісін (моделін) табумен байланысты. Жергілікті аймақтар экономикасы деңгейінде жергілікті аймақтық менеджмент механизмі жергілікті аймақтардың ресурстық әлеуеті мен даму мүмкіндіктерін СКАЧАТЬ