Название: Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару
Автор: Өтеғали Шеденов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0673-5
isbn:
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік тұрғындардың қорғалу ахуалымен сипатталады, ол жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейінің болмауымен, тұлғаның деградацияланбауымен, әлеуметтік жанжалдардың болмауымен, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің төмен деңгейімен, білім беру стандарттарының, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылымның қол жетімділігімен, тамақтану және өмір сүру сапасының жақсартумен сипатталады. Мемлекеттің әлеуметтік әл-ауқатын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі өмір сүру ұзақтығы болып табылады. Көрсеткіш тұрғындардың денсаулық сақтау, қоршаған орта, ұлт генофоны жағынан өмір сүру деңгейін көрсетеді. Берілген көрсеткіштің шекті мәндерін анықтауда дамыған елдердің көрсеткіштеріне сүйену қажет. Шетелде орташа өмір сүру ұзақтығы 69-70 жасты құрайды, бұл шама ер азаматтар үшін де, әйел азаматтар үшін де бірдей. АҚШ пен Ұлыбританияда орташа өмір сүру ұзақтығы – 75 жас, Швецияда – 78 жас, Жапонияда – 79 жас. Орташа өмір сүру ұзақтығының шекті мәніне қол жеткізбеудің арты ел тұрғындарының өмір сүру қабілетінің төмендеуіне, әлеуметтік тұрақтылық деңгейінің төмендеуіне әкеледі.
Децильді коэффициент сияқты көрсеткіш аймақ тұрғындары табыстарының арасындағы айырмашылықты көрсетеді және анағұрлым ауқатты тұрғындардың 10 %-ының жан басына шаққандағы орташа табысының ең аз қамтылған тұрғындардың 10 %-ының жан басына шаққандағы орташа табысына қатысы ретінде анықталады. Әлемдік стандарттарға сәйкес, шартты бай және кедей тұрғындардың табыстарының алшақтығы 7 реттен артық болмауы тиіс. Децильдік көрсеткіш аймақ тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен ондағы жұмыссыздық деңгейімен тығыз байланыста. Тұрғындар табыстарының шоғырлану коэффициенті (Джини коэффициенті) – макроэкономикалық көрсеткіш, ол табыстарды ел тұрғындары арасында тең бөлістіруден нақты бөлістірудің ауытқу деңгейін көрсететін, тұрғындардың ақшалай табыстарының әртараптануын сипаттайды. Бұл коэффициенттің көлемі 0-ден 1-ге дейінгі аралықта ауытқиды. Қоғамның табыстар деңгейі бойынша поляризациялану деңгейі анағұрлым биік болған сайын, соғұрлым бұл коэффициенттің шамасы 1-ге жақын келеді. Және, керісінше, қоғамда табыстарды тең бөлістіру болған кезде Джини коэффициенті 0-ге тең.
Ең төменгі және орташа еңбекақы көлемінің қатынасын көрсететін көрсеткіш Кейтц индексі болып табылады, ол еңбек ақыны реттеу деңгейін сипаттайды. Ереже бойынша, дамыған елдерде ең төменгі және орташа еңбекақы көлемінің қатынасы 40-50 %-дан төмен түспейді. Ал Еуропа Кеңесінің әлеуметтік құқықтар бойынша комитеті Еуропалық әлеуметтік хартияның төртінші бабын талқылай отырып, салықтарды алып тастағандағы ең төменгі және орташа еңбекақы көлемінің қатынасы 60%дан кем болмауы тиіс деп ұйғарады. Тым болмағанда – 50 % рұқсат етіледі, егер осы 50 % өмір сүрудің жеткілікті СКАЧАТЬ