Название: Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері
Автор: Қарлығаш Мұхтарова
Издательство: КазНУ
Жанр: Управление, подбор персонала
isbn: 978-601-247-411-4
isbn:
Болжамдау – болашақты анықтау мақсатында бұрын жинақталған тәжірибемен қатар, болашаққа қатысты жорамалдар да қолданылатын әдіс. Егер болжамдау сапалы орындалса, оның нәтижесі ретінде жоспарлаудың негізіне алына алатын суретті көреміз.
Бүгінгі күнде болжамдау – бөлімдерге бөлінген мамандандырылған сала. Нақты қызмет салаларындағы болжамдаумен айналысатын фирмалар бар. Оған мысал ретінде Гэллап институтын келтіруге болады, ол іртүрлі саяси және әлеуметтік процестердің нәтижелері мен әсерін болжамдау мақсатында ақпарат жинау мен сараптауға мамандандырылады. Ол үшін болжамдардың бірнеше түрлері қолданылады (сурет 6):
Экономикалық болжамдар – нақты компанияның нақты өнім бойынша сату көлемін және экономиканың жалпы жағдайын болжамдау үшін қолданылады.
Технологиялардың даму болжамдары қандай жаңа технологиялардың жетілдіруін, қашан күтуге болатынын және олардың экономикалық тұрғыдан тиімді болуы туралы болжам жасауға мүмкіндік береді.
Бәсекелестіктің даму болжамдары бәсекелестердің тактикасы мен стратегиясы болжауға мүмкіндік береді.
Зерттеулер мен сауалнамалар негізінде жасалған болжамдар көптеген салалардың білімін пайдаланып, күрделі жағдайлардағы әрекетті болжауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік болжамдау адамдардың әлеуметтік принциптері мен қоғам жағдайын анықтау мақсатында қолданылады. Бұл болжау түрімен бүгінгі күнде тек бірнеше ірі ұйымдар ғана айналысады. Осындай болжамдау, өмір сапасының, медициналық қызмет көрсетудің, жұмысшылар уәжінің, т.б. факторларының қалай өзгеретінін дәл жорамалдаған ұйымға нарықта алға шығуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Дженерал Электрик» әлеуметтік саяси болжамдаудың күрделі әдісін еңбек қатынасы мәселесінде болашақты жоспарлаудың сапасын көтеру мақсатында қолданылады.
Бейресми ақпарат. Ауызша ақпарат. Мақсаттарды құру және жоспарлаудың қосалқы құралы ретінде басшылық ақпараттың ауызша да, жазбаша да көзіне сүйенетіні анық. Ауызша ақпаратты жинаудың әдісі, іс жүзінде, сыртқы ортаның сараптамасында жиі қолданылады. Оған радио және телебағдарламалардан, тұтынушылардан, бәсекелестерден, жиналыстарда, кәсіби ұйымдарда, заңгерлерден, бухгалтерлерден, қаржылық ревизорлардан, кеңесшілерден алынатын ақпаратты жатқызуға болады.
Осындай ауызша (вербалды) ақпарат ұйымға қатысты сыртқы орталық барлық факорларын қамтиды. Ол өзгермелі сипатта болады, оны табу қиынға соқпайды, және оған сенуге әбден болады. Кейде, ол ақпарат дәл емес, ескірген және анық емес болуы мүмкін.
Жазбаша ақпарат. Сыртқы орта туралы жазбаша ақпарат көздеріне газеттер, журналдар, ақпараттық бюллетендер, кәсіби СКАЧАТЬ