Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова страница 14

СКАЧАТЬ экономикалық сараптау үлгілеріне сүйенуі керек.

      Төлем матрицасы. Басшылықпен қабылданатын әр шешімнің мәні – алдын ала тұжырымдалған нақты критерийлер бойынша бірнеше баламалардың ішінен ең тиімдісін таңдау. Төлем матрицасы – статистикалық теориялар шешімдері әдістерінің бірі; басқарушыға бірнеше варианттың біреуін таңдауға көмек беретін әдіс. Ол, қай стратегия мақсатқа жетуге септігін тигізетіні туралы шешім қабылдауда өте тиімді.

      Н. Пол Лумба айтқандай: «Төлем дегеніміз – нақты жағдаймен сыбайлас нақты стратегиялық салдары болып табылатын ақшалай сыйлау немесе пайда. Егер төлемдерді кесте (матрица) түрінде бейнелейтін болсақ, бір төлем матрицасын көреміз». «Нақты жағдайлармен сыбайлас» сөздері төлем матрицасын қалай қолдану және оның негізінде қабылданған шешім қашан тиімді болатынын бағалауды түсіну үшін өте маңызды. Жалпы түсінік бойынша, матрица төлемнің орын алып жатқан нақты жағдайларға тәуелді екенін көрсетеді. Егер осындай жағдай немесе табиғат жағдайы іс жүзінде орын алмаса, онда төлем де басқа сипатта болады.

      Төлем матрицасы пайдалы болатын жағдайлар:

      Баламалардың немесе варианттардың шектеулі саны және олардың арасында таңдау жасауға арналған стратегия болғанда;

      Орын алуға мүмкін жағдай белгісіз болғанда;

      Қабылданатын шешімнің нәтижесі таңдап алынған баламаға және іс жүзінде орын алатын жағдайларға тәуелді болғанда.

      Одан басқа, басқарушыда релевантты жағдайлар мен олардың маңыздылығын объективті бағалау мүмкіндігі болуы керек. Басқарушы өте сирек жағдайда толық анықтылық жағдайында болады. Дәл солай ол толық белгісіздік жағдайында да өте сирек әрекет етеді. Шешім қабылдаудың барлық жағдайларында дерлік, басқарушы мүмкіндікті, ықтималдылықты немесе жағдайды бағалауға мәжбүр болады. Ықтималдылықты объективті түрде анықтауға болады. Оның мәнін басқарушының бұрынғы тәжірибесіне немесе тенденцияларға сүйеніп анықтауға болады.

      Ықтималдылық күтілетін мағынаның анықталуына – төлем матрицасының орталық концепциясына тура әсерін тигізеді. Баламаның немесе варианттың, стратегияның күтілетін мағынасы – бұл мүмкін болатын мағыналардың оларға сәйкес ықтималдылықтарға көбейтінділерінің суммасы.

      Мысалы, егер Сіз балмұздақ сату киоскісіне 0,5 қаражат салу (әрекет стратегиясы ретінде) ықтималдылығында 5000 АҚШ доллар табыс әкеледі, 0,2 ықтималдылығымен 10000 АҚШ долларын, 0,3 ықтималдылығында 3000 АҚШ доллары деп есептесеңіз, онда күтілетін мағына:

      5000(0,5) +10 000(0,2) + 3000(0,3) = 5400 долларын құрайды.

      Әр баламаның күтілетін мағынасын анықтап, олардың нәтижесін матрица түрінде реттейтін болса, басқарушы еш қиындықсыз қолда бар критерийлердің есебімен тиімді вариантты таңдай алады. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, ықтималдылықтың дәл мағыналары (мәндері) құрылғанда, дәстүрлі тәсілдермен салыстырғанда, төлем матрицасы мен шешімдер ағашы әдістерін қолдану СКАЧАТЬ