Аймақтық экономиканы басқару. Қарлығаш Мұхтарова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аймақтық экономиканы басқару - Қарлығаш Мұхтарова страница 7

СКАЧАТЬ модель (салааралық байланыстар талдауы) ретінде ұсынды. Өсу полюстері теориясы дүниежүзінің көптеген елдерінде дамудың аймақтық бағдарламаларына негізделеді.

      Өсу полюстері теориясы көбіне Н.Н. Колосовскийдің өндірістік-аумақтық кешендер теориясымен сәйкес келеді. Бұл теорияның негізін жаңа тауарлар мен қызметтерді жасайтын көшбасшы салалардың экономика құрылымындағы рөлі құрайды. Көшбасшы салалардың кәсіпорындары орналасқан орталықтар өндіріс факторларының тартылу полюстері бола отырып олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Мұнда экономикалық өсу полюстерін қалыптастырумен негізделетін кәсіпорынның аумақтық шоғырлануы пайда болады.

      Өсу полюстері проблемалы, яғни дамуы жағынан артта қалған аймақтардағы экономикалық қызметті белсендіру мақсатында құрылып, өсу полюстеріне үйлесімді түрде жаңа инвестициялар бағытталады. Сонымен, жаңадан жасалған өндірістердің үнемділікті қамтамасыз етуге мүмкіндігі болады.

      Өсу полюстері теориясында «экономикалық даму» ұғымына келесідей анықтама беріледі: бұл жаңа салалардың өсуімен болатын құрылымдық өзгерістер.

      Жаңа салалар экономикалық даму күшіне ие. Бұл салалар – дамуды қоршаған ортаға тарататын өсу полюстері болып табылады.

      Өсу полюстері теориясының күшті жағы ол дамуды таратудың негізгі теориясы ретінде танылады. Оның негізінде Ф. Перру ашқан доминирлеу әсері жатыр.

      70-жылдардың ортасында өсу полюстері теориясы қатты сынға алынды, өйткені дамыған елдерде оны қолданған кезде оның артта қалған аудандарға пайдалану тиімсіз екені анықталды. Өсу полюстерінің классикалық мысалы ретінде инвестициялар тарту мен нашар игерілген орталық аудандардың экономикалық дамуы үшін тұрғызылатын дамушы елдердің жаңа астаналары бола алады.

      Дегенмен осы теорияны қолдана отырып, тиімді нәтижеге қол жеткізген елдер баршылық. Атап айтқанда, жаңа индустрияландыру елдерінде – Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур, Малайзия, Гонконг, сонымен қатар еркін экономикалық аймақтар құрған ҚХР-да жақсы нәтижеге жетті.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясында өсу полюстері теориясына сәйкес міндеттер айқындалды. Осыған байланысты аймақаралық теңсіздіктерді жоюдың қалыптасқан жоспарлау әдістеріне қарағанда экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау міндеті басты орынға шықты. Демек, аймақтарды біркелкі дамыту тұжырымдамасына қарағанда полярлық дамыту тұжырымдамасы маңыздырақ бола түседі. Оның мәні – аймақтық және жаһандық нарықтарға кіріктірілген әрі елдің қалған барлық аймақтары, ал болашақта бүкіл Орталық Азия аумағы үшін «локомотивтер» рөлін атқаратын неғұрлым серпінді дамып келе жатқан қалаларды немесе аймақтарды өсу полюстеріне айналдыру. Осыған орай, аймақтарда экономикалық белсенділікті шоғырландыратын және бәсекеге қабілетті аймақтық кластерлерді қалыптастырудың СКАЧАТЬ