Название: Аймақтық экономиканы басқару
Автор: Қарлығаш Мұхтарова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0079-5
isbn:
Өнеркәсіптік өндіріс Қазақстанның экономикалық өсуінде айқындаушы рөл атқарады, оның үлесіне елдің ЖІӨ-нің үштен бір бөлігі келеді. Аймақтардың нақты өсуін айқындайтын факторлардың арасында мұнай-газ секторының іскерлік белсенділігінің рөлін, сауда және қызметтердің дамуы үшін аймақаралық нарықтардың ашықтылығының өсуін көрсетуге болады. Компьютерлік технология аясындағы капиталдың шоғырлануы, делдалдық қызмет желілерінің белсенді дамуы, жылжымайтын мүлікпен жүргізілген операциялардың өсуі облыстардың ЖАӨ-де сауда және қызметтердің үлесін арттыруға себін тигізді.
Сонымен қатар облыстардың ЖАӨ салалық құрылымындағы құрылыстың өсуінің жалпы динамикасына қарамастан, бұл өсу өсудің экономикалық алғышарттары болмаған ішкі сұраныстың үлкен бөлігімен бекітілді, тартылатын несиелік құралдардың көлемдерімен анықталды. Соңғы жылдардағы мердігерлік жұмыстар көлемінің қысқаруы құрылыстағы қосылған құнға теріс әсер етті, нәтижесінде ЖАӨ көлемінде Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында үлес салмақтары азайды.
ЖАӨ аумақтық-салалық құрылымын жетілдіруге оң әсер ететін фактор көлік және байланыс қызметі болып табылады. Өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, құрылыста, көлік және байланыста, сауда және қызмет көрсетудің басқа аяларында өсудің әртүрлі қарқындары қосылған құнның өсіміне қысқа мерзімді факторлардың әсерін көрсетеді.
Әрине, әлемдік нарыққа интеграция, ішкі нарықтардың қызмет ету мүмкіндіктерінің кеңеюі өсудің жоғары қарқындарына және ЖАӨ жалпы көлемінде өндірістік емес салалар рөлінің артуына себін тигізді. Аумақтық-салалық құрылымның және қосылған құнның ұзақ мерзімді өсуіне қол жеткізудің жолдарын жақсарту негізіне жеделдетудің ұзақ мерзімді факторлары ескерілуі керек еді, олар жиынтықта, ең алдымен, ел аймақтарының әлеуметтікэкономикалық дамуындағы ішкі қайшылықтарды еңсеруге бағытталуы қажет. Ел аймақтарының нақты экономикалық өсуін айқындайтын факторлардың ішінен, мемлекеттің басты секторларының – мұнай-газ және тау-кен өндірісінің даму қарқындарына сөзсіз тәуелділігін сезінбейтін секторларды атап көрсетуге болады. Аумақтық-салалық құрылымды айқындайтын ұзақ мерзімді факторларға адам капиталының дамуын, жергілікті бюджеттің табыстылығына оң әсер ететін өндірісті құру, инфрақұрылымдық базаның орнығуын жатқызуға болады. Даму басымдылықтары облыстар бойынша жіктелуі керек.
Шаруашылық қызметтің аумақтық-салалық құрылымы шығарылатын өнім құнымен және ЖАӨ өсу қарқынымен қатар аумақтық экономиканың белгілі бір салаларында жұмыспен қамтылғандардың санымен анықталынады. Халықтың жұмыспен қамтылғандарының саны жалпы Қазақстан бойынша «материалды-өндірістік ая» 63,9 %-ға жуық. Талдау кезінде жеке сарапшылар материалды аяға жатқызылатын салалардың құрамынан сауда, материалды-техникалық жабдықтау, дайындамалар, қоғамдық тамақтану салаларын алып тастайды. Егер осы пікірді СКАЧАТЬ