Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова страница 9

СКАЧАТЬ тапсырылады, ұсыныстары өзінен жоғары тұрған басшымен қарастырылып, қабылдануы тиіс. Операциялық стратегия корпорация стратегиясын дайындау пирамидасының негізі болып табылатындығына қарамастан, маңызы жоғалмауы қажет. Мәселен, бір зауыттың белгіленген өндіріс көлеміне, өнімнің өзіндік құны мен сапасына қол жеткізу бойынша стратегиялық міндеттерді іске асыру кезінде құлдырауы клиенттер арасында сенімсіздік тудырып, пайда табу және сатып алу көрсеткіштері төмендеп кетуі ықтимал. Басқарудың қандай да бір деңгейінде қабылданатын стратегиялық әрекеттердің маңыздылығын түсіруге болмайды.

      1.5. Корпоративтік стратегия: бизнес түрлерінің жиынтығын басқару

      Корпоративтік стратегия қызметі әртараптандырылған компанияларды старатегиялық басқару болып табылады. Ол компания айналысатын қызметтің барлық бағытын қамти отырып, негізгі даму бағытын айқындайды. Аталмыш стратегия өзінің ресурстарын әртүрлі салаларға құйып, сол салада бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін қабылданатын әрекеттерден, басқару әдістерінен, тәсілдемелерден тұрады.

      Әртараптандырылған компанияда стратегиялар әртүрлі төрт ұйымдастырушылық деңгейде дайындалады.

      • Корпоративтік стратегия – компанияның қызмет аялары үшін құрастырылған стратегия.

      • Іскерлік стратегия – компанияның әрбір жеке бірліктері мен қызмет түрлері үшін құрастырылған стратегия.

      • Функционалдық стратегия компания ішіндегі әрбір қызметтік бөлімдеріне арналған.

      • Операциялық стратегия – негізгі құрылымдық бірліктерге: зауыттар, өңірлік сауда және бөлім өкілдеріне арналған барынша тар стратегия.

      Әртараптандыру стратегиясы ұйым қызметінің саласын кеңейтуге, бизнес портфелін өзгерістермен толықтыруға бағытталған. Бұл компаниялардың қосылуы, ұйымды сатып алу, жаңадан құру, біріккен ұйымдарды құру есебінен болуы мүмкін. Әртараптандыру кезінде біріккен ұйым құрамына кіретін әртүрлі ұйымдардың мүмкіндіктерін біріктіру есебінен стратегиялық сәйкестік деп аталатын әсерге қол жеткізуге болады. Бұл басқару, өндіріс, маркетинг, қаржы саласында орын алуы мүмкін.

      8- суретте көпсалалы компаниялар үшін стратегияны дайындау пирамидасы көрсетілген.

      Әртараптандыру стратегиясы екі түрлі болады – өзар байланысқан және өзара байланыспаған әртараптандыру стратегиясы.

      Өзара байланысқан әртараптандыру стратегиясы бойынша біріккен ұйымда стратегиялық сәйкестік әсерінің айтарлықтай орны бар. Ал өзара байланыспаған әртараптандыру стратегиясы бойынша біріккен ұйымда керісінше. Біріккен ұйымдардың бірінші түрі концерн, екіншісі конгломерат деп аталады. Кейбір жағдайлар ұйым үшін қолайсыздық тудырғанда, концерндер тәуекелдің төменгі деңгейінде болады, себебі олардың әр саладағы қызметі бір-біріне байланысты емес. Алайда, конгломераттар ұйым ішінде күштерді тиімді қайта топтау арқылы шығындарды азайта алады.

СКАЧАТЬ