Название: Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы
Автор: А. Турлыбекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-0713-8
isbn:
Облигациялық бағдарлама аясында әр облигацияны шығарудың өз ұлттық бірдейлендіру нөмірі болады. Құрылтайшылар (бірден-бір құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейін эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.
• Облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері
Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуді уәкілетті орган облигациялық бағдарлама проспектісін алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде жүзеге асырады. Облигациялық бағдарлама аясында облигациялардың алғашқы шығарылуын мемлекеттік тіркеу эмитенттің тілегі бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүзеге асырылуы мүмкін. Тіркелген облигациялық бағдарлама аясында облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға эмитент табыс еткен құжаттарды уәкілетті орган олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарауы тиіс.
Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент табыс еткен құжаттар бағалы қағаз нарығы туралы заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және эмитентке облигациялық бағдарламаның немесе облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарудың мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік береді.
Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент табыс еткен құжаттар Қазақстан
Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган эмитентке мемлекеттік тіркеуден бас тарту себебін дәлелдей отырып жібереді.
Уәкілетті орган мынадай жағдайда, егер:
1. қор биржасында осы облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған облигациялар бойынша сауда-саттық тоқтатыла тұрса;
2. осы облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған облигацияларға делистинг жүргізілсе;
3. облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналымдағы облигациялар шығарылымының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асып кетсе;
4. облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар белгіленген талаптарға сай келмесе, эмитентке облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқылы.
Эмиссиялық Бағалы қағаздар шығарудымемлекеттік тіркеуден бас тарту және олардың шығарылуын мемлекеттік СКАЧАТЬ