Название: Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы
Автор: А. Турлыбекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-0713-8
isbn:
Тіркелмейтін бағалы қағазға – мәлімдеуші бағалы қағаз жатады.
Негізгі бағалы қағаз – негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Туынды бағалы қағаз – базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.
Үлесті бағалы қағаз – өз иесіне жарғылық капиталды қалыптастыруға мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуға құқық береді, кәсіпорын таратылған жағдайда жұмсалған капиталды қайтарып алуға мүмкіндік береді. Үлесті бағалы қағаздарға акцияның барлық түрлері жатады.
Қарыздық бағалы қағаз – эмитент пен қарыздық бағалы қағаз иелері қарыздық қарым-қатынасқа түседі. Қарыздық бағалы қағаздарға облигациялар, қазынашылық міндеттемелер, ҚРҰБның ноталары жатады.
Бақылау сұрақтары
1. Бағалы қағаздың экономикалық мәнін қалай түсінесіз?
2. нақты капитал мен жалған капиталдың айырмашылығын анықтаңыз.
3. бағалы қағаз бойынша берілетін құқықтарды атаңыз.
4. бағалы қағаздың атқаратын қызметтерінің мәнін түсіндіріңіз?
5. бағалы қағаздың экономикалық категория ретіндегі белгілерін атаңыз.
6. бағалы қағаздың айналымын қалай түсінесіз?
7. бағалы қағаздың сапасын сипаттайтын элементтерді атаңыз.
8. бағалы қағаздың экономикалық деректемелерін сипаттаңыз.
9. бағалы қағаздың жіктелімін беріңіз.
10. Үлесті бағалы қағаздың түрлерін атаңыз.
11. Қарыздық бағалы қағаздың түрлері қандай?
12. туынды бағалы қағаздың түрлерін атаңыз.
13. Айырбасталатын бағалы қағаздың мәнін қалай түсінесіз?
14. негізгі бағалы қағаздың түрлерін атаңыз.
1-тапсырма. Термин – анықтама
Сол жақ бағандағы терминді оң жақ бағандағы анықтамамен сәйкестендіріңіз.
2-ТАРАУ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЭМИССИЯЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
2.1 Бағалы қағаздарды шығару проспектісін дайындау
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемі, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, оларды шығару, орналастыру, айналымда болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпарат бар құжат.
Эмиссиялық Бағалы қағаздар шығару – эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс-әрекеті немесе орналастырылуы, айналымда болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы.
Эмиссиялық СКАЧАТЬ