Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова страница 21

СКАЧАТЬ жақ бағандағы терминді оң жақ бағандағы анықтамамен сәйкестендіріңіз.

      5-ТАРАУ

      АКЦИЯЛАР НАРЫҒЫ

      5.1 Акциялардың экономикалық мәні мен қажеттілігі

      Акция (нем. aktіe, лат. aktіү – қарамағына беру, рұқсат беру) деген мағынаны білдіреді.

      Акция – акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын, басқару ісіне қатысуға және кәсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

      Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бірдей акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.

      Акцияның бір түрі оны иеленетін әрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде құқықтар береді.

      Қоғам акционерлерінің құқықтары:

      1. қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға қатысуға;

      2. дивидендтер алуға;

      3. қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға;

      4. бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;

      5. директорлар кеңесіне сайлау үшін кандидатуралар ұсынуға;

      6. қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тәртібімен дау айтуға;

      7. қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне;

      8. өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқылы.

      Акционерлік қоғам – эмитент мынадай жағдайларда акция шығарады:

      • акционерлік қоғам жаңадан немесе қайтадан құрылған кезде;

      • бірнеше акционерлік қоғам қосылған (жұтылуы) кезде;

      • жарғылық капиталға ақшалай қаражаттарды жұмылдыру кезінде;

      • жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде;

      • акционерлік қоғамның шығынын ұзақ мерзімде қаржыландыру үшін инвесторлардың капиталын пайдалану кезінде.

      Инвестор үшін акцияны иеленудің артықшылықтары мынада:

      • капитал көлемінің ұлғаюы (бұл нарықтағы акция құнының өсу мүмкіндігімен байланысты);

      • дауыс беру құқығы (бағалы қағаздың түріне байланысты);

      • қосымша жеңілдіктерге ие болу. Акционерлік қоғам өзінің акционерлеріне бірқатар жеңілдіктерді ұсынуы мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғам өндіретін тауардың, қызметтің бағасына жеңілдік және т.б.

      • қоғам таратылған жағдайда мүліктің бір бөлігін алу құқығы;

      • жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алу құқығы және т.б.

      Акция иесі (акционер) мынадай топтарга жіктеледі:

      1. жеке;

      2. ұжымдық (институционалдық);

      3. корпоративті.

      Әлемдік тәжірибеде, жеке акционерлерге қарағанда, мемлекет қолдайтын және мүмкіндігі зор ұжымдық акционерлерге артықшылық танытады. СКАЧАТЬ