Название: Музейлік электронды сөздік
Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1737-3
isbn:
Әдеб.: Калугина Т.П. Художественный музей как феномен культуры. СПб., 2008.
КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР, тар мағынада – ежелгі дәуір өнері, яғни Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде өркендеген мәдениет туындылары; кең мағынада – әр түрлі елдердің мәдени гүлдену кезеңдеріндегі мұралары. К. ө. туындылары ұзақ (мыңдаған жылдар бойы) уақыт бойы өз құндылығын сақтайды, басқа мәдениеттің туындап өркен жаюына үлкен ықпал етеді. Сонымен бірге К. ө. бүкіл адамзат өркениетінің асыл мұрағаты. Кейінгі дәуірлерде пайда болған көптеген өнер мұралары, ағымдары өздерінің тамырын осы К. ө-ден алады. Мыс., Ежелгі Мысыр (б.з.б. 7 – 3-мыңжылдық) К. ө-і кейінгі дәуірде (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 1 ғ.) Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим К. ө-інің пайда болуына, Ежелгі шумер өнері Оңт. Батыс, Орта Азия елдерінің К. ө-інің қалыптасуына игі әсерін тигізді. Қазақ халқының К. ө-і өзінің тамырын көне шумер, сақ мәдениетінен алады (мыс., алтын, күміс, қоладан құйып жасалған домалақ мүсіндер, «аң бейнелі» стиль, т.б.).
КОЛЛЕКЦИЯ – тарихтың және мәдениеттің түрлі ескерткіштерін мақсатты түрде жинау үдерісінің нәтижесі, музейдің бір типтегі заттар жиынтығы. Жинауға қарағанда жиналған ғылыми жүйелі материалдарды айқындалған мақсатпен және оған қол жеткізумен сипатталады. К. объектілерінің санына барлық әлемдік тарих аралығында адаммен және табиғатпен жасалынған материалдық мәдениет бойынша (нумизматика, филателия және т.б.) тақырыбы бойынша (мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс куәгерлері), мақсат қою бойынша (ғылыми, және т.б) кіреді.
К. кейбір ғалымдардың ойынша адамның негізгі рефлекстерінің бірі және адам қоғамының дамуының маңызды сипаты болып саналады. Қоршаған әлемді жүйелеу үдерісі ерте Шығыс, ерте Греция және Рим мемлекеттерінде айқындала бастады. Ал Ресейде 10-11 ғ. – ларда белгілі болды. Бұл ең алдымен шіркеулерде және монастырларда кітап және қолжазбаларды, сакральды және мемориалды ескерткіштерді түрлілігімен, қару-жарақтарды жинады. Ортағасырларда жинақтау қызметінің арқасында ұлы княздық және хандық қазыналарды қалыптастыру басталды. 16-17 ғ. – ларда өсімдіктердің СКАЧАТЬ