Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 2

СКАЧАТЬ тарту арқылы географиялық жағынан ауқымын кеңейтіп келеді. Біртұтас әлемдік экономикалық-шаруашылық жүйені қалыптастыруды ұран етіп көтерген әлемнің жоғары дамыған елдерінің бастамасы қазіргі таңда қарқын алып келе жатқан жаһандану процесінің қайтымсыз заңдылықтарына бағынатындығын көрсетіп отыр. Жаһандану процесінің түпкілікті мақсаты мемлекеттер мен аймақтар арасындағы өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық даму алшақтығын жою идеясы болып табылғанымен аталмыш процестің қазіргі таңдағы ұмтылыстары барысында пайда болған қиындықтар мен таласты мәселелердің орын алуы шешімін күтіп отырған көптеген проблемалардың бар екендігінің дәлелі болып табылады.

      Тәуелсіздіктерін жеңіп алған Азия және Африка елдері өздерінің саяси және экономикалық бостандықтарына қолдарын жеткізгенімен егемендіктерінің алғашқы жылдарында үлкен саяси және экономиалық тоқырауға ұшырау қаупі алдында тұрды. Тамыры бірнеше ғасырларға кеткен экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың нашарлауы Азия және Африка елдері мен Еуропаның отарлық мемлекеттері үшін нағыз сын болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикасында жаппай құлдырау байқалды. Бұл құбылыстың ары қарай жалғаса беруі үлкен гуманитарлық апаттарға ұрыну қаупін тудырды. Азия мен Африканың тәуелсіз мемлекеттері өздерінің саяси құрылысы мен экономикалық даму моделін таңдау алдында тұрды. Бірақ бұл мемлекеттердің басым бөлігі өздерінің болашақтағы тағдырын бұрынғы метрополиялармен байланыстыруды жөн көрді.

      Еуропаның отаршыл мемлекеттері үшін өздерінің иеліктерінен айрылу бірқатар әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға алып келді. Дегенмен, еуропалық мемлекеттердің қажырлы дипломатиялық іс-әрекеттері тараптар арасындағы мүдделер тоғысын анықтап, екі жаққа да тиімді жаңа деңгей мен сападағы ынтымақтастықтың үлгісін қалыптастыруға себеп болды.

      Азия және Африка елдері осы күнге дейін олардың көпшілігінің ДСҰ-ға мүше-мемлекеттер екендігіне қарамастан, ДСҰ-мен (негізінен Еуропалық Одақпен) осы ұйым ауқымындағы ынтымақтастықтың мәселелері жөнінде тиянақты әрі табанды келіссөздерді жалғастырып келеді. Мұндағы басты себеп, Азия мен Африка елдерінің бірқатары ДСҰ шеңберінде пайда болған және пайда болуы мүмкін болатын ықтималды тосын жағдайлардың алдын алып, болдырмау ниетінде жатыр.

      Отарлар үшін күрес бірінші дүнижүзілік соғыстың шығуындағы басты себептердің бірі болса, отарлық жүйенің ыдырауы және деколонизация үрдісінің басталуы еуропалық мемлекетердің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ұжымдық дипломатиясының белсенді қызмет танытқан нысанына айналды.

      XX ҒАСЫРДЫҢ 40 ЖЫЛДАРЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ

      § 1. Жапония

      Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапониядағы оккупациялық тәртіп. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгенін мойындауға мәжбүр болған СКАЧАТЬ