Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 10

СКАЧАТЬ (жеке және акционерлік) иелігінде болды. Жергілікті буржуазия мен сол кездегі заманауи ұлттық өндірістік кәсіпорындардың қалыптасу үдерісі баяу жүрді. Бұл үдеріс жергілікті капиталистік кәсіпкерлікке компрадорларды, саудагерлерді, өсімқорларды, төрешілдерді, буржуазияланған жериеленушілерді тарту есебінен жүрді. Капитализмнің демократиялық «төменнен» даму жолы тоқтап қалды. Оның дамуына бір жағынан метрополиялардың отарлардағы өндірістік үстемдігі және сыртқы саудаға бақылау орнату әрекеті кедергі келтірсе, екінші жағынан, жергілікті әлеуметтік жіктердің шетелдік кәсіпкерлігі кедергі келтірді. Әдетте, бұндай кәсіпкерлер өзгеріп жатқан жағдайға байланысты шетелдік капиталмен ынтымақтастық қатынастар орнатып, компрадорлық институттарын құрды. Бүл үдеріс барысында жаңадан қалыптасып келе жатқан жергілікті буржуазия өзінің бұрынғы дәстүрлі дүниетанымын, мінез-құлқын, білімін, өмір сүру салтын өзгерте отырып, батыстана (вестернизациялану) бастады.

      Сол уақыттағы заманауи және дәстүрлі өндіріс аграрлық салада қатарласа қалыптасты. Бұл үдеріс біртіндеп табиғи даму жолымен емес, керісінше, отарлардағы өндіріс салаларын капиталистік әлемдік шаруашылық жүйеге күштеп қосу, сондай-ақ, отарларда заманауи фабрика-зауыттық өндірісті, көлік саласындағы құрылысты, басқарудың капиталистік тәсілдерін, буржуазиялық басқару жүйесін «жоғарыдан» еріктен тыс енгізу арқылы жүрді. Бұл өз кезегінде заманауи және дәстүрлі өндіріс түрлерінің өзара әрекеттесуінде және кейіннен синтезденуінде көптеген проблемаларды тудырды.

      Батыстық мемлекеттер Шығыс елдеріндегі партиоттық күштердің экономикалық және әлеуметтік дамуға бағытталған күресін, орындалуы батыстың несиесі мен субсидиясы және батыстың мамандарынан, тәуелді тар ауқымда жасалған (батыстық елдердің үкіметтері жасаған) бағдарламаларды ұсыну арқылы шектеуге әрекет жасады. Сонымен қатар батыстық елдер үкіметтерінің жоспарлары ұзақ мерзімге, 10-12 жылға есептелді. Осы уақыт аралығында бұрынғы метрополиялар өздерінің Шығыс елдеріндегі ықпалын күшейтуге, тіпті, болмаған жағдайда сақтап қалуға бар күшін салды.

      Жоспарларды қаржыландырудың шамамен жартысынан астамы ұлттық қаржы көздерінен, негізінен жергілікті бюджет және әртүрлі орталықтандырылған қорлардың қаржысы арқылы жүзеге асырылды. Отарлық әкімгершіліктің қолына қаржы құралдарының шоғырлануы, отар елдердің экономикасына мемлекеттікмонополистік ықпал етудің бір формасы іспеттес бола отырып, бұл елдердің ұлттық капиталының ұлғаю деңгейін тежеді. Сондай-ақ, орталықтандырылған қорлар капитал салымдарын ірі құрылыс нысандары төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндіктер туғызды және ағылшын билігінің тек қана әкімшілік емес, сонымен қатар шаруашылықты ұйымдастырушы ретіндегі рөлін жоғарылата түсті.

      Шығыстағы Батыс Еуропа елдері саясатының соғыстан кейінгі алғашқы он жылдығының елеулі кезеңі жергілікті басқару жүйесін реформалау болды. Екінші СКАЧАТЬ