Ислам модернизациясы. 1 Бөлім. Нарша Булгакбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ислам модернизациясы. 1 Бөлім - Нарша Булгакбаев страница 11

Название: Ислам модернизациясы. 1 Бөлім

Автор: Нарша Булгакбаев

Издательство: Автор

Жанр:

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ шығар. Бірақ бұл қарыздық тұзаққа түспеу үшін жайлылық иллюзиясы ғана. Сізге ең бастысы шыныменен уақытында қарыздарыңыздан құтылу маңызды. Сіз қарыз алғыңыз келетінін түсіндіңіз: кіріс пен шығыстың жоспарын жасайсыз, болашаққа қарайсыз жəне нағыз мұсылман сияқты өз əрекеттеріңізге жауапкершілікпен қарайсыз. Міндетіңізді орындауға дайын болған кезде ғана сіз несиеге дайынсыз.

      Сонымен қатар, Жеке тұлғаның жетістіктерді немесе сəтсіздіктерді тек ішкі немесе тек сыртқы факторларға жатқызу қабілеті бар. Бəрін іштен көретін адамдар өзімен болған барлық жағдайға өзін кінəлі санайды. Қиын қаржылық жағдайда адам өзін-өзі кінəлайды, одан қалай шығуға болатынын ойлап, содан кейін нақты əрекеттерге барады. Өз проблемаларына қоршаған орта жəне басқа адамдар кінəлі деп есептейтін сырттан көретін адамдар үшін қиынырақ. Бəрін сырттан көретін адамдар теріс əсерге көбірек бейім. Əрине, жағдайдан шыға алмау сияқты обсессивті ойлар мен эмоциялардың тұйық шеңберінен шығу үшін өз психологияңызбен жұмыс істеу қажет.

      Не істеу керек: тығылу керек, қашу керек. Қалжың, психологиялық стрессті азайту үшін жағымды эмоцияларға көбірек көңіл бөліңіз, сондай-ақ болашаққа деген қорқынышты азайту үшін қосымша табыс көзін қамтамасыз етіңіз.

      Жағымсыз əсерді азайту позитивті, продуктивті ойларға назар аударуды үйрену пайдалы. Күн сайын өзгелерге, өмірге, Аллаға ризашылық пен қуаныш білдіріңіз. Жұмысты жоғалту қорқынышын азайту үшін қосымша табыс опцияларының болуы маңызды. Күнделікті қуаныш пен қанағаттану деңгейін арттыру үшін демалыс пен жұмыс уақытын жоспарлаңыз, психоэмоционалдық жаттығу жасаңыз, өзіңізге ұнайтын, Жаратушыға ұнайтын амалдарды жасау маңызды.

      Өзіңізді психологиялық ұрып-соғып алмау маңызды. Көбінесе сіздің Санаңыздағы бейне (Визуализация) шындықтан (шынайы өмірден) əлдеқайда қараңғы болады. Теріс ойларға көп көңіл бөлуді тоқтатып, қазіргі сəтке назар аударыңыз. Қарапайым тыныс алуыңызды бақылаңыз, ішкі тыныштықты қамтамасыз етуді үйреніңіз (Жеті Аспан кітабынан). Бұл күйде жұмыс əлдеқайда өнімді болады, жаңа идеялар пайда болады жəне басқалармен қарым-қатынас жасау оңайырақ болады. Спортпен айналысу психологиялық стрессті азайтуға көмектеседі. Тағы бір тиімді əдіс – ішкі алаңдаушылықтан шығу үшін оңаша жерде айқайлаңыз, қалжың, бірақ бұл шыныменен көмектеседі екен. Бұл мүмкін болмаса, дəптерге жағымсыз ойларды жазуды ережеге айналдырыңыз. Осылайша сіз басыңызды олардан тезірек босата аласыз.

      Алаңдаушылық пен қорқынышқа қарсы Позитивті, рационалды көзқарасты сақтап, ағымдағы жағдайға емес, оны қалай түзетуге болатынына назар аудару маңызды. Э Қарызыңызды өтеу үшін үнемдеуге кеңес беремін. Бұл керемет кеңес емес, бірақ сіз кезінде ақшаны үнемдемегенгіғ салдарынан қарыз алдыңыз. Қарыз алушының қалай да болса несиені қайтаруға тырысуы өзіне психологиялық соққы болып тиеді.

      Көбінесе мерзімі кешіктірілген төлемдері бар адамдар банк қызметкерлері мен инкассаторлардың жек көретін тұтынушылары болады. Ішкі абырой сезімін сақтаңыз жəне манипуляцияларға, СКАЧАТЬ