Болмаған балалық шақ. Акберен Елгезек
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Болмаған балалық шақ - Акберен Елгезек страница 5

СКАЧАТЬ ретінде нағашы апамның босағасына бір қара бие байланды. Сол қарыны қампайған қара биені сұмдық жек көретінмін. Ешкім жоқта қорада тұрған байғұс жылқыға алыстан тас атамын. Сөйтіп, менің шешеме айырбасталған жануардан өш алғандай боламын.

      Шынымен бір күні шешем ақыры үйден кетіп тынды. Есімде қалғаны той болатын күні мені үйге қамап тастады. Түні бойы я қорқыныштан, я қорланғаннан, я шешемді қимағаннан ба, ұзақ жыладым. Ертеңгі күні тойдан әкелген бауырсақты жеп, өксігі басылмай отырған мені Маржан әпкем жұбатқансыды: «мамамыз барған үй үлкен екен, болашақ папамыз бай екен, бәрімізді жарылқап тастайды екен», – деген сөздерді айтып, өзі де қыстыққан жасын жасыра алмай жылап жіберді.

      Күннен күн, аптадан апта озып жатты. Мен болсам, көзім бозарып нағашыларымның үйінде әлі жүрмін. Шешем анда-санда келіп тұратын. Кейін онысы сирей бастады. Соған қарағанда, қара қайыстай күйеуі жібермейтін болуы керек деп ойладым.

      Бестен асып алтыға бет алған кезім. Күнде бір ермек тауып алып, ағам мен анамды ұмытуға тырысып жүрмін. Түк етпейді деп қоям, өскесін мамамды анабір сорайған сұмырайдан құтқарып алам деп өз-өзіммен серттесемін. Сол ұлы жорыққа аттану үшін, ағаштан қылыш жасап, садақ иемін. Күнде кешке қарай қысқа көшенің ана басынан мына басына дейін жүгіріп жаттығамын. Мен бір күні анамды құтқарамын!

      Шешем кеткеннен кейін, бұрыңғы менің әңгімемді асыға күтіп жүрген тындармандарым енді еңбексіз кәмпит-сәмпиттерін беретінді шығарды. Біреу қолыма құрт немесе пішінә бере қалса, бір әңгіме бастай қалсам, «рахмет, айтпай-қой», – деп, басымнан сипап, күрсініп кете беретін. Мен оған не боп қалды-ей деп, артынан қуып барам. Жетіп алған соң, «бір әңгіме айтып берейінші», – деп жалынам. Ол: «Жоқ, кәмпитті былай-ақ ала қой», – дейді. Мен түсінбей далмын. Олардың мені аяп жүргендерін қайдан ғана білейін? Осындай екі-үш жағдайдан кейін, жыным ұстап, тегін келетін тәттіден бас тарттым. Содан бері тәттіге жаным қас, мүлде жемеймін, осы күнге дейін.

      ***

      Шешем тұрмысқа шыққалы, ағам қайтыс болғалы көңілсіз күндердің тізбегі еш толастаған емес. Бір күнім бір күнімнен аумай, ақырын жылжып өтіп жатты. Сырттағы жылдың қай мезгілі де еш өзгермейтін секілді боп көрінетін. Көшедегі ойынға да, үстелдегі кәмпитке де зауқым жоқ.

      Біреуді барып, жабысып құшақтағым келетін сияқты. Біреу мені құшақтап, еркелетсе деп армандаймын. Нағашы ағаларым өз балаларын айналып-толғанып жатқанда, маған да бір жылы сөздің ұшқыны тиіп қалар деп жәутеңдеп тұрғаным.

      Өзіңіз ойлаңыз: мен әкемнің жан еркесі, шолжаңбайдың нақ өзі болған баламын. Жұмыстан келе сала әкейдің мойнына мініп алып, «анау тиісті, мынау тиісті!», «ананы әпер, мынаны әпер!» деп ырбиып жылай беретін балпанақтай баланы арада екі жыл өтпей-ақ сирақтары сыриған, көзі мұңлы, жан-жағына үрейлене қарайтын, өзі сақ, бетінде қан-сөлі жоқ балаға айналады деп кім ойлаған! Әке-шешесінің қасында пысылдап ұйықтап, көзін былшықтан тазарта сала, еркелеп ойнақтаған баланың алдында қандай тағдыр күтіп тұрғанын кім білді дейсіз?!

      Тәңірі салса, бәрін көресің. Аяқ-астынан бәрі өзгеріп шыға келгенде, не істеріңді білмей абдырап, жан-жағыңа жаутаңдайсың да қаласың. Жып-жылы үйден даладағы қақаған аязға лыпасыз лақтырып СКАЧАТЬ