Название: Болмаған балалық шақ
Автор: Акберен Елгезек
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Жанр: Детская проза
isbn:
isbn:
Оһо, Қар адамы туралы «естеліктерім» басталғанда ауылдағы ең әңгімешіл деген қарияның өзін дуылдаған жұрттың маңайына еріксіз келтіріп, кеңкілдете күлдіруші едім! Тау-тасты кезіп жүрген жылқышысы бар, аңшысы бар, мені арнайы шақырып ап, «әлгі албасты туралы айтып берші», – деп жалынатын. Тіпті дерсіз, менің қияли әңгімелеріме өздері кәдімгідей сенетін де еді! Әй, баладан бетер аңқылдаған, бүлдіршіннің сөзіне сенген, қазағым-ай!
Менің нем кетті, қойын-қонышымды тәтті мен дәмдіге толтырып ап, өз есебім өзімде, мәз боп үйге келе жататынмын.
Балмұздақ деген бір сиқырлы дәм келгенде ше?! Ой, пәлі, десеңші! Онда кез келген фантаст жазушы қызғанатындай аңыз-әфсаналарды дереу ойдан шығарып жіберіп, елді бір риза қылатын едім-ау, шіркін. Балмұздақ ол кезде қат. Қат болған соң, бұл қат дүниенің өтеуін біздің балғын миымыз аса ыждаһаттылықпен, аса бір еңбекқорлықпен орындайтын. Балмұздақ жер бетіне, Үржардың шетіндегі әуежайға бөгдеғаламшарлықтар табақшасының қонғаны, бізбен мәслихат құрғаны туралы қиялымызды ұштайтын. Олар бұрын осы жақтан ұшып кеткен қазақтар екенін мен «әп, бәрекелдеее!» – деп тұрған тындармандарымды сендіре баяндайтынмын.
– Әй, ол табақшаға тарбиып мінгендердің руы кім екен-ей? – деп сұрақ қояды бір кезде таяғына сүйеніп тұрған әлгі кеңкілдек, қуақы шал.
– Найман екен!
– Қой-ей!
– Рас, өздері айтты ғой, ата!
– Әй, оларың өзінің атамекенінде ғұмыр кешпей, неғып қаңғып жүрген наймандар, ә? – деп кейігендей басын шайқайтын қария.
– Ата, сіз өзіңіз найман емессіз бе?
– Найманмын, балам!
– Онда сіз де басқа планетадан келген екенсіз!
– Не дейді, Құдайым-ау?!
– Сізді олар сұраған өткенде. Әлгі біздің Шүңірей шал қайда жүр деп.
– Ех-ех-ехе! Әй, иттің ғана күшігі! Әй, иттің ғана күшігі! Әй, иттің ғана баласы! Мә, апаңның жайған құртын ала ғой. Хе-хе-хе-хе, иттің ғана баласы, айтып тұрғанын қарашы-ей! «Шүңірей шал» деді ме-ей?!
– Иә, ата!
– Хе-хе хе, олар найман дейсің ғой?!.
– Нағыз найман екен! Түрлері сізден айнымайды!
– Әй, бар бол, иттің баласы, таппайтының жоқ…
Міне, көрдіңіз бе?! Мен жеген кәмпит я пірәндік, ішкен лимонад пен балмұздақ маған өздігінен өзенмен ағып, жаңбыр боп аспаннан құламайтын, тегін келмейтін.
Бұл «мінезімді» біліп алған ағайын күн ара менің әңгімелерімді тыңдауға әжептәуір дайындалып келетін. Мен де олардың көңілдерін қалдырмауға тырысам. Ұйқыға кетерде, жаңа хиқаяларды ертеңгі күнге дайындап жатамын. Ол үшін, менің бала миым ұдайы СКАЧАТЬ