СКАЧАТЬ
істе өзіңізді сынап көре аласыз. 20 жаста бизнестегі ақшаңыз да көп болмас, сондықтан жоғалту қаупі де жоғары емес. Бұл жаста бизнес үшін инсвестицияның да керектігі шамалы.. Мен шағын бизнестің кірісі өте жоғары деп айтып кеткенмін. Айына 100% табыс әкеледі. Бұнымен кішігірім бизнесқана күресе алады. Дегенмен, бұл белгілі бір деңгейге, кішігірім сомаларға дейін. Табысты бизнес ашу үшін сіз кем дегенде 20-ға жуық сәтсіз бизнескеректігін естіген едім. Бұған дейін сіз өзіңізбен болып жатқан жағдайды сабақ ретінде қабылдап, кәсіпкер болу үшін керек білімді теріп жүресіз. Кәсіпкерлер туралы сөйлесейік. Өзім немесе таныс кәсіпкерлер туралы айтайын. Кәсіпкерлерлікпен 14 жасымнан айналысамын. Қазіргі уақытта 27-демін. Мен Алматыдағы AlmaU мен Қазақстан-Британ техникалық университеттерінде дәріс беремін. Жаттықтырушы залым мен бизнес орталығым бар. Оған дейін неше бизнесім болғанын санап шығу қиын. Көп нәрсемен айналыстым. 20 шақтысы сәтсіз аяқталды. Инвестор мен кәсіпкер деген екі жол, ал мен үшін жұптасқан жол. Кей кәсіпкер таныстарымды инвестиция тіпті де қызықтырмайды. Олар үлкен қатерлі табысты тез арада табуға ұмтылады. Олар маған соғыстан қайтқан ардагерлер тәрізді – соғыстан қайтып, бейбіт адамзаттық өмірге үйрене алмай жүргендердей. Бірде консалтингпен айналысатын танысыммен сұхбаттасып отырғанда оның айтқаны: «Дәулет, мен 1 айда 2—3 миллион рубль табыс тапсам, келесі айда сол соманы жоғалтып та аламын» дейді. «Бұл саған ұнай ма? -деген сұрағыма жауабы- бұл қызықты өмір, әрине, тұрақтылық та көбірек болса дейсің». Адамның мінезімен байланыс көрініп тұр. Оған не жарасады, өмір тәжірибесі қандай, өзін неше уақыт дайындағаны – бәрі көрініп тұрады. Біріншісі, бозбала кезінен бастайды. Инвестиция мен бизнесті салыстырсақ, жас кезіңдегі бизнесің инвестицияны көбірек қайтарады.
Ал енді сәтсіз аяқталған 20 бизнес бастамаларыма оралайық. Өзімнің, таныстарымның, достарымның тәжірибесіне жүгінсек, бұл, айына 100 мың теңге табыс әкелетін, сәтсіз аяқталатын 20 бизнестің заңдылығы екен. Бұл жердегі математика басқаша: 100 мың теңгені (стартаптың орташа құны) 20-ға көбейтсек =2 млн шығыс, 2—10 жыл аралықта осы үшін кеткен әрекеттер, сонда ғана айына 100 мың теңге табыс беретін бизнес сізде деуге болады. Мүмкін бұл нақты емес те шығар, дегенмен құны қандай екенін түсіну керек.
1.2. Несие мен ірі бизнес
Ірі бизнестің артықшылығы-инвестиция сияқты қайтарымында. Оны өз ақшаңызға жасамайсыз, себебі капиталыңыз сомақты болу қажет. Ол үшін кепілдікке мүлік қойылады. Ақшаңыз жоқ болып, несие алғанда, сіздің шығыныңыздың тәуекелі банктік тәуекелден жоғары боп тұрады. Себебі кепілдікте сіздің мүлігіңіз. Бұл ірі бизнес казинодағы рулетка ойыны тәрізді. Алайда нәтижесі дағды, тәжірибе, сәттілік, эмоциялық жағдай тағы да басқаларына байланысты.
Сіз, банк несие беруге бас тартқанда, автоломбардқа келдіңіз делік.
Көлігіңіз 2 млн теңге (27$ мың 2020 жылдың тамыз айында) тұрады делік. Сізге ақша өте қажет боп тұр делік, бірақ той, немесе басқа несиені жабуға емес. Автоломбард сізге бірінші аптада
СКАЧАТЬ