Köttı qysqan investor. Daulet Armanovich
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Köttı qysqan investor - Daulet Armanovich страница 2

Название: Köttı qysqan investor

Автор: Daulet Armanovich

Издательство: Издательские решения

Жанр: Руководства

Серия:

isbn: 9785005532930

isbn:

СКАЧАТЬ Инстаграмға жазсаңыз болады, міндетті түрде жауап беремін. Аудио кітап форматын таңдасаңыз, онда тек талқылалай аласыз (2—3 жылда бір рет болса да тыңдап тұрыңыз).

      Кітапты қарапайым, түсінікті тілмен жеткізуге тырыстым, күрделі терминдер көп емес, ал егер оларды кездессеңіз, түсіндірмелерін осы кітаптың беттерінен немесе Гуглдан таба аласыз. Көптеген тарауларда сіздерге түсінікті болу үшін өзімнің, достарымның, кеңес алған клиенттерім мен студентерімнің өмірінен мысал келтірдім. Және де үй тапсырмаларын кездесесіз, оларды мұқият орындауға кеңес беремін. Олар өте оңай болғанымен, тәртіп пен тұрақтылықты қажет етеді.

      1 -ШІ тарау. Ақшаны қайдан алу және бизнес нұсқалары

      Ақшаны қайдан алуға болады? Инвестицияға қолданыланатын ақша көзі, шынайына келсек, өте көп. Бұл жалақы, үнемделген ақша, бизнес, кездейсоқ тапқан табыс, сатылған жылжымайтын немесе басқа да мүлік болуы мүмкін. Ең бастысы өз-өзіңді инвестиция 100500 миллионнан доллардан басталады деген оймен жей бермеу керек. Биржалық нарыққа кірудің бастапқы соммасы 100 $ басталады. Казір сол дереккөздерімізді талдайық.

      Бизнестен бастайық. Қарапайым адамдарға тән 3 бизнес түрін анықтайық. Яхта сатып алушылар Forbes тізімінде болмайды. Олардың бизнесы қандай болуы мүмкін? Қазақстанда қазынаға салықтың бір бөлігін төлейтіндер мұнай және де басқа мемлекеттік кәсіпорындар делік. Бұл экономиканың айтарлықтай әлсіздігін көрсетеді. Қазіргі уақытта, 2020 жылдың сәуір айының басында, карантин кезінде Алматыда кітап жазып отырғанымда, бұл өте айқын байқалды. Мұнай бағасы 25долларға құлдырап кәсіпкер мен жалақы алатын жұмысшылар арасында дүрбелең басталды. Олар ащы шындыққа көздері жетіп, негізгі «касса» жасайтын өнімнің сұраусыз қалғанын, ал басқа халықаралық нарықта сатылатын өнімнің қазірше жоқтығын түсінді. Ал екінші жағынан, егер сіз Америка, Қытай, Ұлыбританияны алсаңыз, олардың экономикасы аз үлесін бірнеше ғана компаниялар мен салалар құрайтынын көресіз. Қызметтердің үлкен үлесін шағын бизнес пен жеке дара кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан олардың экономикасы тұрақты да мықты болып табылады.

      1.1 Кәсіпкер

      Бизнестің 3түрін анықтайық: шағын бизнес, орта бизнес және өзін-өзі жұмыспен қамту. Егер сіз осылайша ақша тауып, үнемдей алсаңыз, бұл бизнес түрлері инвестиция құюға өте қолайлы екенін байқайсыз. Неге десеңіз, бізде, кеңес үкіметінен қалған инвестор – кейпі бай, ақшасы сансыз адам ретінде санамызда қалыптасып қалған. Оларда бәрі де бар: қымбат машиналар, элиталық мүлік, ал инвестициямен басқа ісінің жоқтығынан айналысады деп ойлаймыз. Ал шынайы келсек, ол басқаша. Менің ойымша инвестициямен кедейліктен бір саты жоғары тұрғандардың барлығы айналысу керек. Себебі инвестиция өсуге, ақшаны көп табуға, өміріңді жақсартып, келе жатқан ұрпағыңа актив пен мұра қалдыруға мүмкіндік береді. Сізде бизнес бар болса, ол дұрыс жолдағы бизнес болған жағдайда, сіз үлгілі кәсіпкерсіз. Ал үлгілі кәсіпкер болсаңыз, онда ақшаны қажеттіктен де арта СКАЧАТЬ