Название: Гүлмінездің гүлдері
Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Жанр: Книги для детей: прочее
isbn: 9785449898593
isbn:
– Күшігім, күшігім, жүр мұнда. – деп, өзінің ойнайтын бөлме-сіне жүгірді. Күшік те соңынан арсалаңдай ілесті.
ҚҰШТАРЛЫҚ
Аласа кереуетте балбырап ұйықтап жатқан Гүлмінез бір селк етті де, көзін кенеттен ашты. Кірпігін жыпылық-жыпылық еткізіп, ала көбең бөлме ішін таңдана сүзіп шықты. Есінеген күйі ақ жайма көрпесін серпіп тастап, орнынан жылдам көтерілді. Үстіне раушан гүлді көйлегін, көгілдір свитрін киіп, шашы жалбыраған күйі есікке ұмтылды. Ауызғы үйде, терезе алдында отырған атасын көріп барып, көңілі жайланды. Ерекше бауыр басқан адамы әрқашан да осылай жанынан табылып отырса қандай рақат. Ал Гүлмінез үшін атасы бір бөлек жан емес пе. Атасымен бірге болса, бар нәрсеге қанығады. Көкейінде жүрген сауалдарына жауап алады. Ертегілер, қызғылықты әңгімелерге қарық болады. Тіпті, атасы екеуінің өз-ара сөздері, ойындары да жарасымды.
Жарқ етіп кіріп келген немересін көріп, қарттың күрең жүзі күн ашылғандай шырайланды. Мейірлене жымиғанда, жанары – қою қас-тың арасынан жалт-жұлт сығылады. Гүлмінез де жүзі гүлдей жайнап, екі қолын құс қанатындай жайып, атасына ұшты. Қария әлеуетті қол-дарымен оны көтеріп алып, құшағына қысып, жұпар шашын иіскеді. Гүлмінез басын атасының кеудесіне қойып, елтігендей көзін жұмды. Құлағына дүрсілдеген дыбыс естілді:
– Ата, – деді кенеттен.
– Әу?
– Сіздің жүрегіңіз сағаттың жүрісіндей соғады екен.
– Дұрыс айтасың, қызым. Бұл кәрі жүрек талай уақытты санап тас-тады ғой. Сондықтан да біз, қарияларды – «уақыттың шежіресі» дейді.
– Уақыттың шежіресі деген не, ата?
– Ол ма. Бұрынғы өткен өмірді, тарихты көкірегіне түйіп, кейін-гілерге білікті етіп айта білген адамдарды солай дейді.
Гүлмінездің жүрегінің дүрсілі, өз жайын қайта есіне салды. Ол:
– Ал енді мені тыңдаңызшы, ата. Қалай соғады екен? – деді.
– Кәне? – Ол немересінің құртымдай көкірегіне жарғақ құлағын тосты.
– Ой-о-ой! «Дік-дік-дік…» Жаңа туған құлыншақтың шабысындай. Алып-ұшып тулайды ма – әй?!
– Дәл таптыңыз, ата. Ол құлыншақ неге асығулы, білесіз бе?
– Неге?
– Кеше, кешқұрым әдемі шана әкелген едіңіз ғой. Сол шана-мен тезірек ойнағысы келеді екен оның. Жүріңіз, ата. Сырғанақ тебеміз.
Қария жымия түсіп, ойланып қалды. Кеше жұмысы болып, қыстауынан тура аудан орталығына тартқан. Қайтарда – ауылға, баласының үйіне соғатын болған соң, сүйікті немересін қуантқысы келді. Дүкендерін аралап жүріп, шана сатып алып еді. Гүлмінездің айтып отырғаны сол. Әрине, көз алдында ойнағанға не жетсін. Бірақ, ойынның да мезеті бар. Ал тыста – адам денесін түршіктірер ертеңгілік ызғар әлі тараған жоқ.
– Айналып кетейін, аппағым менің. Шананы саған әкелмегенде, кімге әкелдім. Әлі онымен талай ойнарсың… Ал, қазірше, – ол сұқ саусағымен терезе жақты мегзеді. – Көрдің бе? Таң енді бозарып ке-леді. Дала суық. Құр босқа тоңып қаласың. Одан да, қорада мал жайғастырып СКАЧАТЬ