Сырдар. Алмагул Наурызбаевна Актаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сырдар - Алмагул Наурызбаевна Актаева страница 2

СКАЧАТЬ Қаламқасты құшағына алып, екеуі ұйықтап қалады.

      Таңғы бестерде, күн әлі шықпай тұрғанда, Нәсіп шиқ-шиқ еткен бір арбаның келе жатқан дыбысын естіді, ақырын тұрып, далаға шықса, үйдің қасында бес адамды көреді. Түрлері өте нашар, шаршап қалған. Екеуі арба ұстап тұр. Нәсіптің артынан Қаламқас та еріп шығады.

      – Су… Су бар ма?

      Нәсіп тез арада құдықтан шелекті суға толтырып, әкеліп береді. Жол жүрген адамдар екен. Қатты шөлдеп қалғандары көрініп тұрды, қолдарынан арбаны тастап, бірінен соң бірі су іше бастады. Ыдыстарына да су толтырып алды.

      – Бұл менің отбасым, жұмыскерлерім. Малым көп болды. НКВД адамдары малымызды үкіметке бер деген кезде, қарсылық білдіргем, содан қызыл армия адамдары келді де, түгімізді қалдырмай, бәрін тартып алды. Ал бізді ауылдан қуып шықты. Аштықтан қашып, поезд жүретін жолға бара жатырмыз, – деп арасынан біреуі жайын айтты. Нәсіп пен Қаламқас бір-біріне қарап, әңгімелерін тыңдап тұрды.

      Арбаны екі ер жігіт екі жақтан ұстап, тау жаққа жүріп кетеді. Соңынан әйелдері де еріп, кетіп қалады. Күннің көзі көтеріліп, дала ыси бастады. Нәсіп пен Қаламқас біраз тұрып, үйге кіріп кетеді.

      Бір кезде Нәсіп орнынан тұрып, отбасының халі әлсіреп бара жатқанын ойлап: – Мен әке-шешемнің жағдайларын біліп қайтайын, – деп айтып, жаяу көрші ауылға шығады. Үйге жақындаған сайын қатты дауыстардың шыққаны естілді. Асығып, жүгіреді. Үйде жылап отырған анасы мен қасында көрші әйелді көреді. Алдынан Қуандық інісі атып шығып:

      – Аға, ағатайым, әкемізді алып кетті! Үй ішіміздің ойранын шығарып, құран кітабын тауып алды. Әкемізді «сатқын» деп, ұрып, алып кетті! – деп жылап, болған оқиғаны жайып салады.

      – Не болдық енді, не болдық, қайттық енді? Құдайым-ау, құдайым-ау! … – деп анасы еңіреді. Нәсіп анасына жақындап, не істерін білмей, біраз отырады.

      Ойын жинақтап: – Бізбен жүр, анашым! Бірге болайық!… – дейді.

      – Қайда барамыз, балам? Мен бара алмаймын.

      – Анашым, қызыл армия әкеткен адамдардан біреуі де әлі артқа қайтқан жоқ. Отбасылары болса аш, енді қалғанда аштықтан бәрі қырылып, өліп қалады.

      – Қайтейін енді, балам-ау, не істесек екен? Әкелеріңді қайдан іздейміз? – деп зарлап жылай берді.

      Нәсіптің ұсынысын естіген Қуандық, тез арада киімдерін жинай бастады.

      – Ештеңе алма, тамақты алсаң болды, – деп Нәсіп айтады. Анасы орнынан тұрып, бірнеше таба нан мен құртты орамалға орап, дорбаға салып қояды.

      – Төсек орнымызды қалай тастап кетем-ау, – деп ойлағанда, есік алдында оны екі ұлдың тосып тұрғанын көреді.

      Солай Нәсіп анасы мен інісін өзімен бірге алып кетеді.

      Сырдар мен Айсұлу терезеден әжесінің келе жатқанын көріп, алдынан жүгіріп шығады.

      – Ата, ата да келді ме? – деп әжесін құшақтаған Сырдар сұрады. Әжелерін сонша қатты сағынған екі немересі аяқтарына жабысып, үйге кіреді.

      – Балапандарым менің!… – деп, дорбадағы орамалын ашып, наннан үзіп береді.

      Күміс әженің қолынан СКАЧАТЬ