Білім беру аймағындағы конфликтология. Әлия Құдайбергенова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Білім беру аймағындағы конфликтология - Әлия Құдайбергенова страница

СКАЧАТЬ үшінші бір конфликтер жекелеген адамдар арасында туындайды. Ерте кезден бастап адамдар туындаған қарама-қайшылықтарды шешуге тырысып жатыр, сондайақ олар конфликтісіз қоғам туралы армандайды. Ғасырлар бойы адамзаттың ең жақсы ойлары конфликтісіз қоғамның теориялық үлгісін жасады, кей уақытта оны шынайы өмірде іске асыруға тырысты. Өкінішке орай, барлығы да сәтсіз аяқталып, одан да қиянкескі конфликтер туындай бастады.

      Қазіргі таңда конфликтер – күн сайынғы шындық. Туындаған мәселелердің тиімді түрде шешімін табу кезінде әрбір адам үшін теориялық білімнің белгілі бір минимумы мен конфликтік жағдайда өзін-өзі ұстаудың практикалық дағдыларын меңгеруі керек. ХХІ ғасыр конфликтологияны зерттеудің, конфликтердің алдын алу мен шешудің, бейбітшілікті, төзімді тәрбие мен азаматтық қоғамды қолдаудың ғасыры болады.

      Қазақстандық конфликтология қазіргі таңда жеке ғылым ретінде қалыптасудың бастапқы кезеңінде тұр. Алғаш рет Орталық Азияда білім беру бағдарламалары 1995 жылы конфликтің алдын алу мен реттеу саласында жоғары беделге ие Конфликтологиялық орталық тарапынан басталған болатын.

      Әлемдік аренаға полимәдени мемлекет ретінде шығып жүрген Қазақстан өзінің тату көршілік қарым-қатынасымен, дінге еріктілігімен тәжірибеде конфликтерді шешу арқылы көтеріліп жүрген толеранттылықтың қағидаттарын ресми түрде мәлімдеп отыр.

      Бір-біріне деген толеранттылық, конфликтісіздік пен төзімділікке ие тұлғаны тәрбиелеу – маңызды әлеуметтік-педагогикалық мәселелердің бірі. Осыған байланысты, педагогикалық ғылымда интолерантты мінез-құлықтың – агрессия, конфликтілік, күйзелу және т.б. жекелеген аспектілеріне назар аударылады. ҚР-дың ұлттық білім беру саясатының жаңа артықшылықтарына адамгершілігі жоғары, дүниетанымдық мәдениеті жоғары деңгейдегі, қоршаған ортаны позитивті қабылдайтын, заманауи полимәдени және көп ұлтты ортада белсенді шығармашылық жұмысқа дайын жаңа типтегі адамды қалыптастыру міндеттері жатады.

      «Білім беру аймағындағы конфликтология» курсы конфликтология саласындағы қоғамда конфликтісіз өзара әрекетке қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту міндеттерін әрі қарай жүзеге асыратын болашақ мамандардың қасиеттері мен қабілеттерін қалыптастыруға негізделген.

      Курс мақсаты: білім беру саласында алдағы уақытта қолданатын жүйелі пәнаралық конфликтологиялық білім мен дағдыны қалыптастыру.

      Курс міндеттері:

      – конфликтология негіздерімен танысу;

      – конфликтің жалпы теориясын зерттеу негізінде қоғамның қиын әлеуметтік-саяси үдерістерін ұғынуға көмектесу;

      – жәбір көрсетпеу, бітімге келу және толеранттылық мәдениетін меңгеру;

      – теория мен тәжірибеде конфликтерге деген заманауи тәсілдермен танысу;

      – білім беру саласында конфликтологиялық қабілеттерді дамыту.

      Ұсынылып отырған оқу құралы – конфликтология бойынша сабақ жүргізу үшін және білім алушы – бакалаврлар тарапынан өз бетінше зерттеуге арналған теориялық, әдіснамалық және практикалық материалдардың толық курсы. Тақырыптардың ауқымы: тұлғаішілік, тұлғааралық, этносаралық және саяси конфликтер мәселелері кеңінен қамтылады. Конфликтік жағдайлардың алдын алу, реттеу мен шешу тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінеді.

      «Конфликт – қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретінде» атты тарауда конфликтологиялық тұжырымдамаларға тарихи шолу жасалған, конфликтер туралы алғашқы көзқарастар, конфликт теориясының негізгі ережелері бейнеленген, оның қалыптасу себептері, жіктемесі көрсетілген, конфликт құрылымы, қызметі, даму кезеңдері, шешім мен салдар тәсілдері сипатталған.

      Келесі тарау түрлі әлеуметтік орталардағы конфликтерді және тұлғааралық, топішілік, топаралық, ұйымдағы конфликт, әлеуметтік-еңбектік және әлеуметтік-саяси, этносаралық және саяси конфликтер секілді конфликтердің түрлерін сипаттауға арналды. Оқу құралының соңғы тарауы конфликтерді зерттеу мәселелеріне, алдын алуға, шешу мен босаңсытуға сонымен қатар оның маңызды ерекшелігі әлеуметтік-педагогикалық үдерісте конфликт мәселелеріне арналған. Аталған тараудың өзекті мәселелерінің бірі конфликтердегі күштеуді зерттеу болып табылады: күштеу мәселесіне тарихи шолу жасалады, сондай-ақ білім беру саласындағы күштеудің заманауи белгілері, қоғам мұратының ескіруі, тұлғаның құндылық бағдарының жойылуы аясында шиеленіскен балалар агрессиясы, оқытушылық бассыздық және т.б. талданады.

      Теориялық материалды бекіту үшін семинар сабақтарының тақырыптары, ал практикалық аудиториялық сабақтарды өткізу үшін теориялық материалдарға сәйкес таңдалған СӨЖ тапсырмалары, тренингтер, іскерлік ойындарды қамтитын қосымшалар ұсынылады.

      1 – бөлім

      КОНФЛИКТОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

      1. Конфликтер туралы көзқарастарға тарихи шолу

      1.1. Конфликтер туралы ертедегі көзқарастар.

      1.2. СКАЧАТЬ