Фирмалар қаржысы. Баян Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова страница 3

Название: Фирмалар қаржысы

Автор: Баян Купешова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-1289-7

isbn:

СКАЧАТЬ ақпараттық ағымның жүйесі, құжаттарды өңдеу және т.б. Басқарушылық қаржылық есеп пен бухгалтерлік есептің бірлесуіне қол жеткізу өте маңызды, себебі нақты қаржылық ақпараттың көзі фирманың есептілігі болып табылады.

      Бұл кезеңнің мақсаты – үшінші кезеңнің жұмысы бойынша анықталған оперативтік кіріс пен талаптарға қатысты қажетті қаржылық ақпараттарды жинақтау.

      Фирма қызметінің жұмыс көлемін шешу мен оның қиындықтарының сұрақтарына байланысты қаржылық басқару ірі кәсіпорындарда сипатталуы мүмкін, орта кәсіпорындардың қаржылық бөлімшесі болып қаржылық директор немесе тек бухгалтерлік есеппен айналысатын бас бухгалтер ғана емес, кішігірім кәсіпорындардың қаржылық стратегиялармен айналысуы мүмкін.

      Қаржылық есептілікке қойылатын талап – кәсіпорынның шаруашылық операцияларының есебін жүргізу және жарияланатын қаржылық есептіліктердің стандарттар мен талаптарға сай болуын қамтамасыз ету.

      Аналитикалық бөлім кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдайды және бағалайды: түсім, өткізу көлемі, өтімділік пен рентабельділікті қолдау бойынша жоспарланған тапсырмаларды орындау. Сонымен қатар нарық конъюктурасы, контрагенттік және ұқсас кәсіпорындардың көрсеткіштерін бақылай отырып, қаржылық көрсеткіштерді болжап отырулары керек. Осы бөлімнің мамандары ұсынылатын инвестициялық жобаларға бағалау жасай алады.

      Негізгі жоспарлы құжаттарды дайындаумен қаржылық жоспарлау бөлімі айналысады: кірістер мен шығыстар балансы, ақша қаражаттары қозғалысының бюджеті, активтер мен пассивтердің жоспарлы балансы. Жоспарлау үдерісінің ақпараттық негізі – аналитикалық және оперативті бөлімдердің, бухгалтерлік есептің, басқа да фирманың экономикалық қызметтерінің, сонымен қатар нормативтеу мен нұсқаулық мәліметтерінің көрсеткіштері.

      Қайталауға арналған сұрақтар

      1. Фирма қаржыларын басқару мақсаты мен міндеттерін ашып, анықтама беріңіз.

      2. Фирма қаржысын басқару қызметтерін атаңыз.

      3. Фирмадағы қаржылық жұмысты ұйымдастыру орындары мен олардың қызметі туралы не білесіз?

      4. Қазақстан Республикасында фирмалар қандай кәсіпкерлік нысандарда қызмет жасайды?

      5. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдаудың қандай шараларын білесіз?

      6. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму динамикасын анықтаудың ақпараттық көздерін атаңыз.

      2. ФИРМАНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ

      2.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны бағалаудың мақсаты

      Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

      Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау жөніндегі сұрақтарды СКАЧАТЬ