Банктік тəуекелдер жəне оны басқару. Нұргүл Керімбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Банктік тəуекелдер жəне оны басқару - Нұргүл Керімбекова страница 6

СКАЧАТЬ болмауы қажет.

      Сақтандыру – банк тәуекелін төмендету, мүмкін болатын шығындардың орнын толтыру үшін жауапкершілікті сақтандыру компаниясына беру. Көп жағдайларда банктер несие бойынша тәуекелдерді сақтандырып қояды.

      Диверсификация – банк тәуекелдерін азайту мақсатында тәуекелді әртараптандыру, мысалы, белгілі бір салаға инвестиция салса бір салаға қатысты тәуекел деңгейі жоғарылайды, ал сол қаржыны бірнеше салаға бөліп салса тәуекел деңгейі азаяды. Банктік тәуекелдерді диверсификациялаудың келесідей формалары бар:

      – бағалы қағаздар портфелін диверсификациялау;

      – несие портфелін диверсификациялау;

      – валюталық корзинаны диверсификациялау;

      – тартылатын қаражаттар көзін диверсификациялау.

      Лимиттеу – тактикалық шешімдер қабылдағанда банктің белгіленген операция түрлері мен көрсеткіштеріне шектеулер қою. Әлемдік тәжірибеде лимиттеудің мынадай түрлері кең тараған: 8іор-1оз8, 8іор-оиі, іаке рғойі, Іаке оиі. Лимиттеудің бұл түрлері шығындарды тиімді басқаруға арналған. Лимиттеудің келесідей түрлері бар:

      – контрагенттерді лимиттеу;

      – несиелік өнімдерге лимит жасау;

      – операциялар бойынша тәуекелдерге лимит жасау.

      Хеджерлеу – нарықтағы бағалар өзгерісінен пайда болатын тәуекелдерді сақтандыру, яғни жедел келісімшарт позициясын шығынның орнын жабу мақсатында тәуекел деңгейі бірдей қарамақарсы нарықта да жасау арқылы жүзеге асырылады.

      Өзін-өзі сақтандыру – банк мүмкін болатын шығындардың орнын жабу мақсатында өз пайдасынан арнайы және қосымша қорлар құру.

      Сапаны басқару – банк тәуекелдерін басқару процесінде банктің шығарған өнімдері мен көрсететін қызметтерінің сапасы маңызды рөл атқарады, яғни банктің көрсететін қызметтерінің, өнімдерінің, несие, депозит бойынша портфельдерінің сапасын дұрыс басқаруы тәуекелге ұшырау деңгейін төмендетеді.

      Бір банктік тәуекелдің өзгеруі барлық тәуекел түрлеріне әсерін тигізеді. Банктік тәуекелдерді бағалаудың дұрыс жүргізілуі банктің тиімді жұмыс істеуіне және динамикалық өсуіне жағдай жасайды. Ал егер тәуекелдерді бағалау дұрыс жүргізілмесе банк жағымсыз жағдайларға немесе банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Банк тәжірибесінде банктік тәуекелдерді бағалаудың келесідей түрлері қолданылады:

      Сандық бағалау бұл банкте туындаған тәуекелден пайда болған шығынның нақты ақшалай көрінісін бағалауға негізделеді немесе барлық шығындардың жиынтығын көрсетеді.

      Сапалық бағалау – тәуекелдің пайда болу көздері мен нақты факторларын бағалауға негізделеді, яғни әрбір тәуекелге қатысты нақты факторлар бойынша бағалау жасап, соны алдағы уақытта жою шараларын қарастырады. Банк тәжірибесінде несиелік портфельді бағалауда үлкен маңызға ие.

      Статистикалық бағалау әдісі – банк саласында тәуекелдерді бағалау бойынша көп уақыт бойы қолданып келе жатқан әдістің бірі. Бұл әдіс ұзақ уақыт ішіндегі статистикалық көрсеткіштерді талдау арқылы тәуекелдердің пайда болу аралығы СКАЧАТЬ