Институционалды экономика. Ғалия Даулиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Институционалды экономика - Ғалия Даулиева страница 8

СКАЧАТЬ тепе-теңдіктің көптігі ретінде қарастырылады. Ережелер жүйесінің және сәйкесінше оларды орындау механизмдерінің қалыптасуы нәтижесінде матрица құрылымы өзгеріп, «тұтқындар дилеммасы» ойынын «көрінбейтін қол» ойынына өзгертуге жағдай жасайды.

      Кез келген қарым-қатынаста тепе-теңдік әртүрлі болуы мүмкін:

      – анықтаушы стратегия тепе-теңдігі;

      – Нэш тепе-теңдігі;

      – Штакельберг тепе-теңдігі;

      – Парето тепе-теңдігі.

      Анықтаушы стратегия тепе-теңдігі – басқаға тәуелсіз бірінші қатысушыға барынша жоғары пайдалылықты қамтамасыз ететін іс-әрекет жағдайында орындалады.

      Нэш тепе-теңдігі – ойыншылардың ешқайсысы өзінің жоспарын өзгерту арқылы өз ұтымын біржақты арттыра алмайтын жағдайда орын алады. Ойыншының максималды пайдалылығы басқа ойыншының мінез-құлқына тәуелділікте болады.

      Штакельберг тепе-теңдігі – ойыншының шешім қабылдаудағы уақыт легінің болуымен сипатталады, бір ойыншы екінші ойыншының мінез-құлқын біле отыра, шешім қабылдайды. Штакельберг тепе-теңдігінің алдыңғы екі тепе-теңдіктен айырмашылығы, ол әрдайым орындалады.

      Парето тепе-теңдігі бір ойыншының жағдайын кемітпей, ешқандай ойыншының да жағдайын жақсарту мүмкін емес ситуацияда орындалады.

      Қарым-қатынас модельдерінің жіктемесі:

      Ойындар теориясындағы базалық модельдер Нэш тепе-теңдігіндегі нүктелер саны олардың Штакельберг, Парето тепе-теңдіктерімен сәйкестігі немесе сәйкессіздігі бойынша ерекшеленеді.

      1) N1 = St1 = St2 = Р ≠ N2

      2) N1 = St1 = St2 = Р

      3) N = St1 = St2 ≠ Р

      4) N1 = St1 = Р1 = N2 = St2 = Р2

      5) N = St1 = Р1 = St2 = Р2

      6) N = St1 = St2 = Р

      7) St1 = Р = St2 = Р2

      8) St1 = Р = St2 = Р2

      Бұл модельдер индивидтер қарым-қатынасында үйлестіру, сәйкестілік, бірігу, әділетсіздік мәселелері орын алатынын көрсетеді.

      Үйлестіру мәселесі Нэш бойынша екі тепе-теңдік нүктесі орын алған жағдайда пайда болады (І, IV модельдер). Бұл мәселенің шешілуі қосымша институционалды шарттардың енгізілуіне, фокальды нүктелерге немесе келісімдерге тәуелді.

      Сәйкестілік мәселесі Нэш тепе-теңдігі болмаған жағдайда пайда болады (VII, VIII модельдер). Институттар таңдауды шектемеген жағдайда индивидтер өз іс-әрекеттерін үйлестіре алмайды.

      Нэш тепе-теңдігі болмаған немесе ол бірегей және Парето тиімсіз болған жағдайда бірігу мәселесі туындайды (ІІІ модель). Бұл жағдайда да қосымша институционалды шектемелердің, нормалардың енгізілуі Парето-тиімді нәтижеге жетуге әкеледі.

      Егер Нэш бойынша, бірегей тепе-теңдік ұтымның қатысушылары арасында асимметриялы, әділетсіз бөлінуімен сипатталса, әділеттілік мәселесі пайда болады (V, VI модельдер). Бұл мәселенің шешілу нұсқаларының бірі – қайталанбалы СКАЧАТЬ