Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен…. Махан Мақпал
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен… - Махан Мақпал страница 3

СКАЧАТЬ ағылуда. Қыдырғандардың арасында кейбірі топ-топ болып, кейбірі жалғыз, ендігі бірі қостасып жүрген жандар. Осылардың арасында ауыр жұмыс күнінен соң, демалуға Берік пен Ақмарал да келген.

      Екеуінің де жаны сұлулыққа жақын болған соң, әсем көріністі жерлерді білетін. Өткінші өмірде жабырқамай, бүгінгі күнді қуана қарсы ала білетін қос ғашық демалудың ретін білетін.

      Саябақтың ішінің сұлулығы шуақ шашқан таң нұрындай жарқырап, безендірілген түрлі-түсті гүлдердің хош иісі мұрынды жарып, еріксіз сезімнің сазды күйін шерткізеді.

      Осы гүлдердің сұлулығын тамашалап тұрған Ақмарал ертегі әлеміне саяхаттап кеткендей, балдырған бал күнін сағынып, терең ойға шомып кеткен еді. Осы кезде Берік даланың елігіндей ыршып кетіп, гүлдердің арасынан ең әдемі деген қызыл гүлді жұлып алған. Теріс қарап, ойланып кеткен Ақмаралдың артынан келіп, Берік екі қолымен толтыра құшақтап, желкесінен түскен шашын иіскелей, қолындағы гүлін ұсынып:

      Ай мүсінді Маралым менің! – деп, құлағына сыбырлап, Ақмаралды өзіне қаратып, қойнына ендіріп жіберген.

      Қыздың көздері мөлдіреп:

      Жаным, мен сені жанымнан да артық жақсы көремін! – деген.

      Берік сүйіктісінің нәзік қолдарынан ұстап тұрып, дірілдеген қатаң, жуан даусымен сүйікті әнін шырқай жөнелген.

      Ақ гүлдер, көк гүлдер, бәрі де гүлденер,

      Таңертең мазалап самал жел.

      Айлы түн астында, ақ гүлдер қасында

      Өзіңді сүйгіздің басқаға…

      – деген кезінде Ақмарал әнді бөліп жіберіп:

      – Ар жағын айтпашы, жаным мен сенен басқа ешкімге өзімді сүйгізбеймін! – деп тоқтата қойған еді.

      ***

      Күздің дауылды түні болатын. Астананың ызғарлы желі борап тұрған. Вокзалдың маңайында зулаған көліктер тынымсыз ағылып, адамдар өз шаруаларымен арпалысып жүрген уақыты еді. Тағдырдың тұтқынына түскен әйелдер мен қыз-келіншектер жұмыс орындарында селтиген.

      Берік пен Ақмарал жылы киінген. Жігіт қыздың жол сөмкесін қолына ұстаған күйі бірінші жолға келіп тоқтаған пойыздың қасында шығарып салуда. Ақмаралдың орамалын өзі мойнына орап беріп, қыздың мөлдіреген көздерінен мөлтілдеп аққан жасты сүртіп, құрғатқысы келеді. Берік Ақмаралды жұбата келе, құшақтап, аймалайды.

      Сен неге жылайсың, томпақ күшігім, бір айдан соң қайта ораласың ғой, кішкентайым?! – деп Берік қыздың көзінен сүйеді.

      Сені қимай тұрмын, жаным.

      Мен де.

      Сені қатты сағынамын Берік.

      Ал мен сені уже сағындым! – дескен ғашықтар ұзақ тұрып, бір-бірін қимастай қоштасқан.

      Пойыз жүріп кеткенде көңіл-күйі түсіңкіреген Ақмаралдың назары енді өзінің қолдарына түскен. Саусағынан күні кеше ғана сүйіктісі сыйлаған асыл тасы бар алтын жүзігін көргенде жымиыңқырап, сәл болса да көңіл-күйі көтеріліп қалып, қалта телефонына үңілген болатын. Беріктен хабарлама келген екен. «Егер сыныптастарыңмен кездессең, достарыңмен, СКАЧАТЬ