Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары. М. Адейхан
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары - М. Адейхан страница 2

СКАЧАТЬ сіз үшін ең жақсы нәтиже екенін ұмытпаңыз және оны ризашылықпен қабылдаңыз. Бәрі тек Алланың қалауымен болады.

      Алланың 99 көркем есімдері

      1. Алла Әлемдердің Жаратушысы.

      Алла Тағаланың бар екендігін және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім.

      Зікір айту саны:

      1000 – Құдайға деген иманы кәміл, сенімі берік бола түседі.

      100 – Жұма намаздан бұрын қайталаса қалағаны орындалады.

      66 – Түрлі тілек-дұғасы қабыл болады.

      2. Әл – ъАлим Бәрін Білуші, Терең білім Иесі.

      Болған-болатын, үлкен-кіші, бәрін Білуші. Ол әр нәрсені толық біледі және де Ол білмейтін еш нәрсе жоқ. Алла Тағала білушілердің білушісі. Ол ғайыпты да, көмескіні де біледі.

      Зікір айту саны:

      150 – Ғылымды оңай меңгереді. Алла Тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.

      100 – Кімде-кім намаздан кейін «Ия, Алләмәл-ғуйуб» деп шынайы қатты беріліп айтса, жан дүниесі рухани әлемге еніп, сыр пердесі ашылады және шыншыл, ізгі адамдармен тілдеседі.

      3. Әл—ъАзиз – Теңдесі жоқ, Ең ұлы, Үстем, Бәріне Құдіретті.

      Онымен ешкім теңесе алмайды.

      Зікір айту саны:

      94 – Дұшпандардан үстем болу үшін оқылады. Таң намазынан кейін қайталап оқып жүрсе, Алла Тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.

      4. Әл – ъАзим – Ең ұлы, аса Зор, кеңшілік Иесі.

      Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.

      Зікір айту саны:

      1020 – Қиыншылықтарды жеңетіндей қуатты табандылық береді және оған махаббат киімін кигізіп, құлдарына сүйдіреді, абыройлы және сөзі өтімді кісі болады. Алла Тағала өзінің осы ұлы есімін әрдайым айтып жүрген адамға өзінің күшінен күш береді.

      5. Әл – ъАдл Әділ, Әділетті.

      Алла Тағала кімге болмасын ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол өз шешімдеріне әділ.

      Зікір айту саны:

      104 – Әділетті болады және рухани және материалдық жағдайы түзеледі.

      20 – Жұмаға қараған түн 20 рет қайталаса, оның ықыласы артып, шынайы достары көбейеді.

      6. Әл – ъАли – Бәрінен Биік, Асқақ, Жоғары.

      Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр уақытта биіктікте.

      Зікір айту саны:

      120 – Надандықтан құтылып, білімі артады және дәрежесі жоғарылайды. Мінез-құлқы жақсарып, сөздері мағыналы болады және ешкім оны төмен санап қорламайды.

      7. Әл – ъАфу Аса Кешірімді, ғафу Иесі.

      Кешіруші, ғафу етуші, күнәні сауапқа Айналдырушы.

      Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәләрін жойып, сауапты істерін қалдырады.

      Зікір айту саны:

      162 – Ризығы молаяды, қанағатшыл болады және көркем мінезді болады, Алланың кешіріміне бөлінеді.

      Бұл СКАЧАТЬ