Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 5

СКАЧАТЬ қасқа қарағанда сәл биіктеу келеді. Артқы қас сәл аласа, үсті кең. Ұялы, орнықты, шалқақтау қиылған. Қастың міндеті көп. Бәрінен де үстінде отырған адам не алға, не артқа оқыс лоқып, сыпырылып түспеуі үшін қажет. Әсіресе, артқы қастың орны бөлек. Оның қасиетін «Айырылар (айыр-ылысар) дос ердің артқы қасын сұрайды» деген мақал дәлелдейді. (Ж. Бабалықұлы,23.).

      Ер бөлінбейтін бүтін бұйым. Ендеше бөлінбейтінді бөлеміз деп, «ердің артқы қасын сұрағаны», достықтан кетісеміз дегені.

      АҚ БАТА, ҚЫЗЫЛ ҚАН

      «Дәстүр бойынша, алдымен ақ жол тілеп, құдалық берік болу үшін бір мал шалынады. Оның бауыздау қанына қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. О баста бауыздау қаны құйылған бата аяққа екі жақтың сөзін сөйлейтін бас құдалар найзаларының ұштарын батырып, қаннан дәм тату арқылы жүзеге асырылған бұл ырым «қанға қан қосылды, енді туыс болдық» деген ишаратты білдірген». (Х. Арғынбаев. «Қазақ халқындағы семья мен неке», А., 1973, 184-бет). Тіліміздегі «Ақ бата, қызыл қан» деген сөз оралымында осы салттың жаңғырығы сақталған. Сондай-ақ, құда арасында реніш, кикілжің туса, не уәде бұзылса, «Сендерге не болды? Ақ бата, қызыл қан шығарған құда емессіңдер ме?» – деп басу айту да көнеден келе жатқан сөйлеу үлгісі. Дәулетіне қарай күйеу әкесі бата аяққа бата арнап, бір жылқы не түйе, болмаса түліктерді бір-бір тоғызға толтырып береді. Мал бауыздалғанда бата берген құда «бауыздау құда» деп аталады». (Б. Әлімқұлов, 21.).

      АҚ ҚОЙДЫҢ КЕЛДЕСІ,

      ҚАРА ҚОЙДЫҢ КЕЛДЕСІ,

      МЕН ҚҰДАЙДЫҢ ПЕНДЕСІ

      «Үлкендерден естуіміз: қазақтар ертеректе (шамасы XVIII ғасырға дейін болса керек) намаздың шартын, дұғалықтарын білмеген шақта, намазға „Ақ қойдың келдесі (басы), қара қойдың келдесі, мен құдайдың пендесі“ деп жығыла берген». (С. Мұқанов, 77.50-б.).

      АҚ ТҮЙЕНІҢ ҚАРНЫ ЖАРЫЛҒАН КҮН

      «Кеудесі алтын сандық Күләнда Бөкешова апамнан:

      – «Ақ түйенің қарны жарылған күн» деген сөз не мағына береді? – деп сұрадым.

      – Жалпы қай малды алып қарасақ та, сүйегінен сылып алынған сұрып еті өз қарнына түгел сыйып кетеді екен. Үйірлеп жылқы, табындап сиыр ұстаған ауқатты отбасы майды түйенің қарнына жинайтын болған. Сонда оның ішіне қанша май кететінін өздерің-ақ жобалай беріңдер. Күнделікті пайдаланатынын бөлек ұстап, түйе қарынды мұздай жерде мұртын бұзбай сақтаған.

      Сол шаңырақта торқалы той боларда көрші-көлем жиналып:

      – Бәйбіше, ел болып асыға күткен ертеңгі қуанышта ақ түйенің қарны жарылатын шығар? – деп қолқа салатынға ұқсайды.

      Қарынға пышақ тигізу рәсімін де ауылға беделді аналар атқарған. «Ақ түйенің қарны жарылған күн» деген сөз осыдан қалса керек, – деп әңгімесін аяқтайтын әр сөзі бір қаралық қайран апам». (Қ. Әбіл, 31. 30.07. 2008.).

      «Ақ түйе – қазақтың көне салты бойынша, ерекше үлкен жиын-той салтанатта сойылатын түйені ақ түйе деп атаған.

      Сең жүреді көктемде астан-кестең,

      Ақ түйенің бауырын арқан кескен.

      Ұлы күні ұлыстың бас қосқанда,

      Өлеңіңді СКАЧАТЬ