Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы. Н. Торманов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов страница

СКАЧАТЬ V курста студенттер ОЖСБ-дан (ВОУД) сынақ өтеді. Осы келтірілген фактылерді еске ала отырып, әшекейлендірілген электронды оқу құралын дайындап шығаруға талаптандық. Бұл оқу құралындағы көрнекті түрде «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнінен жинақты кесте, сызбанұсқа, суреттер түрінде тиянақты мәліметтер келтірдік. Көрнекті материалдар түсінікті қысқа-нұсқа, анық, айқын берілген. Материалдар бір жерде жинақталып берілген. Іздеп табуға да оңай. Осы шаралардың бәрі теориялық материалдардың мазмұнын тиімді, оңай, ұзақ мерзімде студенттердің еске сақтауға жол ашады деген ойдамыз.

      Оқу әдістемелік құралдың негізі пәнге арналған силлабусқа сәйкестелініп құрастырылған. Әрбір тараудың басында қысқаша теориялық түсініктеме беріліп, студенттердің назарын дәріс кезінде алынған мәліметтерге жалпы шолу, жан-жанжақты талдау жасап, өткен тақырыптарды оңай еске түсіруге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар зертханалық және ғылыми тәжірибелер жүргізу кезінде алдына қойған мақсат – міндетіне жетуге және әдіс – тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік туғызады.

      Оқу құралының құрылымын қалыптастырудың принципі. Әрбір тараудың басы, сол тарауға сәйкес қысқаша теориялық мазмұнына тоқталады да, соңында студент өз білімін тексеру үшін тестік тапсырмалар берілген, сонымен қатар кейбір тараулардан кейін логикалық есептер құрастырылып оның шешу жолдарына жауабын студент өзі іздестіру керек. Берілген есептерді дұрыс, дер кезінде шешу үшін екі шартты орындау керек: бірінші сол есептің шарты жайлы сіздерде толық мәлімет болуы тиіс, толық ақпарат болмаса есепті шешу қиынға соғады. Екінші алынған ақпаратты қолдансаңыз шешу жолын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

      Есепті шешу әдісі мынадай. Алдымен есепті жоспарын құру керек. Содан кейін барлық ақпараттарды қарап шығу арқылы есеп шартында берілген мазмұнына мән берген жөн.

      Шындығында, көптен есептерді шығару үшін практикалық іс әрекеттерді де қолдану керек. Кейбір есептерден тиісті ақпараттар жеткіліксіз болса, ізденіс жасап еске түсірген басты парыз.

      Бұл құрастылылған алғашқы «Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген оқу құралының» кемшіліктері жоқ деп айта алмаймыз. Сондықтан өздерінің пікірлерін айтып, сын көзбен қарап көмек көрсетем деуші авторларға шынайы алғысымызды білдіреміз.

      1. АДАМ АҒЗАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕСІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ

       Мүшелер жүйесі бұл анатомиялық тұрғыда бірлескен, жалпы құрылыс жоспары, шығу тегі және атқаратын қызметтері ортақ мүшелер жинағы.

      2. ОРГАНИЗМ – БІРТҰТАС ЖҮЙЕ

      Адам организмінің дамуы негізі ата-тектік формалардың тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттердің жиынтығы – генотип болып табылады.

      Реттеуші мүшелер жүйесі: жүйкелік және эндокриндік жүйелер арқылы біріктірілген, өзара байланысты және бірлескен мүшелер жүйесінің қызметін атқаратын мүшелер мен ұлпалар.

      Сондықтан организм біртұтас жүйе ретінде қызмет етеді.

      3. ҚОЗҒЫШ ҰЛПАЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

      Тірі клеткаға тән басты қасиет – оның тітіркендігіштігі, яғни тітіркендірудің әсерінен зат алмасу процесінің өзгеріске ұшырау арқылы жауап беру қабілеттілігі.

      Қозғыштық – клетканы тітіркендіргенде қозу арқылы жауап беру қасиеті. Қозғыш ткандерге нерв, ет және кейбір секрет бөлуші клеткалар (бездер) жатады. Тірі клеткаларға тән тағы да бір ең маңызды қасиет – электрлік қозғыштығы немесе электр тоғымен әсер еткенде қозу арқылы жауап беру қабілеттілігі.

      Қозғыш тканьдердің осындай жоғарғы сезімталдығын, әсіресе өте әлсіз электр тоғының әсерінің қозу қабілеттілігінің болатынын құрбақаның артқы аяғының нерв – еттен жасалынған препаратты қоздыру барысында ең алғаш Л. Гальвани тәжірибе жүзінде көрсетті.

      Егер осы перепаратқа әр түрлі металдарды бір-біріне жалғастырып тигізетін болсақ (мысалы, мыс пен цинк), бір пластинкаға етті, екіншісіне нервті, сол кезде ет жиырылады (Гальванидің бірінші тәжірибесі).

      Гальванидің тәжірибесінен жан-жақты талдау жасай отырып, А. Вольт мынадай қорытынды жасады: электр тоғы клеткада пайда болмайды, ол әр түрлі металдардың электролитпен жанасқан жерінде, себебі ткань сұйықтығы тұздардың ерітіндісінен тұрады. Осы зерттеудің нәтижесінде А. Вольт жаңа құрал жасап оны “Вольт бағанасы” деп атады (ол бірінен кейін бір қағаз орналасқан цинк және күміс пластинкалардан, оның аралары тұзды ерітіндіден дымқылданған қағаз арқылы бөлінген).

      Бірақ өзінің тәжірибесінің дұрыстығын дәлелдеу үшін Л.Гальвани екінші тәжірибе жасайды: етке етті реттеуші нервтің ұшын осы еттің бетіне жанастырғанда еттің жиырылғаны байқалды. (Гальванидің екінші тәжірибесі, металсыз).

      Сонымен, Л.Гальвани СКАЧАТЬ