СКАЧАТЬ
қауым өкілдерінің (ақын-жазушылар, өнер саласының мамандары, педагогтар, журналистер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және т.с.с.) арасында абыройлары жоғарылайды. 1967 жылы Ж.М. Әбділдиннің «Проблема начала в теоретическом познании» атты жеке монографиясы жарық көріп, соның негізінде, арнайы диссертация жазбай-ақ, 1968 жылы Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Философия институтында докторлық диссертациясын қорғайды. Аспиранттары мен докторанттары да қорғап, жалпы диалектикалық философиялық идеялар төңірегінде мамандар қаулап өседі. Бұл идеялар (даму принципі, қайшылықтардың пайда болуы және шешілуі, тарихилық пен логикалықтың, форма мен мазмұнның бірлігі сияқты идеялар) қоғам санасына сыналай еніп, шығармашылық қозғау салады. 50- 60 жылдардағы Одақ көлеміндегі «жылымық» кезеңнің себеп-салдарымен ұласып, Қазақстанда өз жемісін береді. 1968, 1977, 1983, 1990 жылдары Алматыда бірінен соң бірі төрт Бүкілодақтық симпозиум өткізіліп, көптеген монографиялар, кітаптар мен конференция материалдары жарық көреді, ғылым докторлары мен кандидаттары даярланады. Алматы диалектикалық логика проблемалары бойынша Одақтың басты орталықтарының біріне айналады, Мәскеу, Ленинград, Киев және басқа ғылым орталықтарының философтары мен философияға құлағы түрік мамандар: «Алматылықтар не дейді екен, сол жақтан не хабар бар?» – десіп, алаңдайтын болған кезі еді бұл. Осы кезеңнің басты ғылыми жетістігі деп диалектика теориясының ең күрделі және маңызды мәселесінің, яғни диалектикалық логика, таным теориясы және методология ретіндегі бүкіл болмысын ашып, категорияларының ғылыми жүйесін құру мәселесінің шешілуіне арналған төрт томдық «Диалектикалық логика» еңбегінің жарық көруін айтуға болады. Егер бұл мәселе төңірегінде Мәскеудің, Ленинградтың, Киевтің және т.б. ғылыми орталықтардың философтары жарыса ізденгенін еске алар болсақ, Алматы ғалымдарының бұл мәселені оңтайлы шешіп, одақ көлемінде жоғары баға алуы, айтарлықтай табыс болғаны анық.
Ж.М. Әбділдин басқарған Алматылық (кейіннен «Қазақстандық») философиялық мектеп 30 жылдан (1963-1995) астам уақыт дүркіреп тұрды. КСРО тарағаннан кейін де Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, рухани-идеологиялық өмірінде сол мектептің өкілдері философия туын жоғары ұстап, Қазақстан философиясының бойын тіктеп, әлемдік деңгейден табылуға өз үлестерін қосуда.
Ж.М. Әбділдиннің қоғамдық, қоғамдық-саяси қызметі ерекше бір төбе. Кеңес Одағының кезінде де ол ғылыми ізденістерімен бірге саналы түрде үлкен қоғамдық белсенділік танытып, партиялық және кеңестік үкімет тапсырмаларын орындай отырып, ғылым мен мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді шешуге өз үлесін қосқан. Мысалы, республикалық «Білім» қоғамының ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы, халық депутаттарының Алматы қалалық кеңесінің мүшесі, Қазақстан философиялық қоғамының төрағасы, КСРО Философия қоғамы Президиумының мүшесі, Лениндік және КСРО мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі Комитеттің мүшесі, Қазақ КСР Ғылым
СКАЧАТЬ