Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 - Коллектив авторов страница 7

СКАЧАТЬ осылай болды, ал бастықтардың өкілдері (Орталық комитеттің, обкомның және жоғары білім беру министрлігінің) бірі де мені құттықтамады. Мұның себебі, олардың өздерінің өткіземіз деп жүрген адамдары болған екен.

      Менің негізгі ғылыми еңбектерім, жоғарыда айтылғандай, ЖСТ-дағы денелер қозғалысының күрделі мәселелері. Біз осы теориядағы денелердің ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстарының релятивтік теңдеулерін негіздедік. Эйнштейннің гравитациялық теориясының механикасының мәселелерін зерттеудің жаңа әдістерін бердік. Жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысының адиабаттық теориясын құрдық. Дененің өз өсінен айналысы жөніндегі мәселені зерттеуде гидродинамикалық аналогияны пайдалануға болатынын көрсеттік. Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясының негізгі күрделі мәселелерінің бірі: өз өсінен айналатын екі денеден тұратын жүйенің қозғалысы туралы есепті шештік. Бұл жолда белгілі асимптоталық жуықтау теориясын кеңінен пайдаландық. Гравимагнетизм гипотезасын кіргізіп, жалпы салыстырмалы теориясындағы Эйнштейннің белгілі теңдеуінің интерпретациясын өзгерттік «On Interpretation of the Einstein Equations in General Relativity» (Gravitation & Cosmology6 Vol.5 (1999), No.3 (19). Pp. 219-221).

      160-тан астам ғылыми мақалалар және үш монография жаздым. «Эйнштейннің гравитациялық теориясының механикасы» деген алғаш монография (Ғылым баспасы, 1988) ЖСТ-дағы қозғалыстың күрделі мәселесіне арналған Қазақстандағы бірінші кітап.

      Республикамыз үшін приоритетті «Теориялық физика» деген фундаменталды ғылыми-зерттеу бағытын ұйымдастырдық. «Гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз әсерлесулерді теориялық зерттеу» деген ғылыми бағдарламаға ғылыми жетекші болдым. Алынған ғылыми нәтижелер біздің (авторлар: М.М. Әбділдин, Ф.Б. Баимбетов, М.А. Жүсіпов, Т.А. Қожамқұлов, Т.С. Рамазанов, М.С. Омаров) «Теориялық физикадағы фундаменталды әсерлесулерді зерттеудің күрделі мәселелері» деген монографиямызда келтірілген (Қазақ университеті баспасы, 1997). 2006 жылы «Жалпы салыстырмалық теориясындағы денелердің қозғалыс мәселесі» атты монография жарық көрді («Қазақ университеті», 2006 ж.).

      Қазақстандағы «Теориялық физика және жылу физика- сы» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғайтын арнаулы ғылыми кеңестің бірінші төрағасы болдым. ҚазМУ-дың жанындағы біріншілер қатарында ашылған «Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтын» құрастырғандардың бірімін. Ресейдің гравитациялық ассоциациясының мүшесімін. Ресейдің 9-шы (Новогород, 1996), 10-шы (Владимир, 1999) гравитациялық конференцияларының ұйымдастыру комитетінің мүшесімін және 2-ші халықаралық «Өрістің кванттық теорияы және гравитация» (Томск, 1997) деген конференцияларының, салыстырмалық теориясы мен гравитацияға арналған (Иерусалим, 1997; Рим, 2000; Рио-де-Жанейро, 2003; Берлин, 2006) халықаралық конференциялардың координациялық комитеттерінің мүшесі болдым.

      Біздің ғылымда жеткен жетістіктеріміз жайлы америка ғалымы А.Траутманның (Успехи физических наук, АН СССР, 89 том, 1 шығарылым, СКАЧАТЬ