Название: Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары
Автор: Жомарт Жеңіс
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2163-9
isbn:
Сонымен, Иран-Тұран қатынастарының көне қатпарларына зерттеу жасағанда екі елдің, екі мәдениеттің, екі халықтың мәдени-дүниетанымдық жүйесінде ортақ элементтердің болғандығы белгілі деп айтамыз. Дегенмен қасаңдалған діни жүйе мен қарама-қарсы шаруашылық-мәдени типтер негізінде туындаған қайшылық екі халық пен елдің саяси текетіресін тудырмай қоймады.
Бақылау сұрақтары:
1. «Тұран» атауына түсінік беріңіз.
2. Ахеменидтер билігі тұсында сақтар мен ирандықтардың қарым-қатынасы қандай болды?
3. Екі өркениеттің арасындағы діни-мәдени байланыстар туралы айтыңыз.
1.2. Тұран мен Иран арасындағы саяси қатынастар
Сасанилiк Иранның өз көршiлерiне қатысты сыртқы саясаты ресми дiн – зороастризмнiң негiзiнде қалыптасып, iске асты. Зороастризм дiнi бойынша дүние қарама-қарсы екi қасиеттен тұрады. Сондай-ақ бұл дiн халықтарды да екi топқа бөліп қарастырады. Түркiлердiң Иранға төндiретiн қаупi жайлы тiптi зороастризмнiң қасиеттi кiтабы Авестада «Уа, әзiз Заратуштра! Сенiң заман ақырың жетуiмен ең жаман дәуiрлердiң басталуының белгiсi мынау болмақ – шығыстан қахар елiнiң шаштары жалбыраған, жүздеген, мыңдаған, он мыңдаған жын-перiлерi келiп, Иранды жаулап алады. Олар байлық, шындық, сенiм, ерлiк, көрегендiк, қуаныш пен Ахураның барлық амалдарын аяқасты етiп, маздакизм мен оттың көзiн жояды, сол кезде жауыздық пен айуандық үстемдiк құрмақ» дейдi.
Т. Қыдырдың пiкiрiнше Орхон-Енесей, Талас ескерткiштерiнде «Тәңiр» сөзi көп қолданылса, Оңтүстiк-Батыс Азияда дүниеге келген «Бехистун» мәтiнiнде жақсылық құдайы «Ахура Мазда» атауы көп кездеседi. Себебi ол дәуiрде түркiлер көктегi Көк тәңiрiге табынған болса, парсылар Заратуштра пайғамбар негiзiн қалаған зороастризм (отқа табынушы) дiнiн ұстанатын болған. «Мен Дари, ұлы патша, патшалардың патшасы, бүкiл әлемнiң патшасы» деп басталатын сына жазулы мәтiнде: «Кәси журат немикәрд, чизи говтан дәрборе-е Гумате моғ то мән рәсидәм. Пәс, мән әз Ахура Мазда явори хостам, Ахура Мазда мәро явори дод. Мән бо (тәдод-е) кәми мәрд он Гумате-е моғ ро оуждам вә онон ро ке муқаддеме-е пирвоне будәнд. Бе хосте Ахура Мазда мән шох шодам Ахура Мазда шахриери ро бемән ето кәрд», яғни «Мен келгенiмше ешкiмнiң де Гумата абызға бiр нәрсе айтуға батылдары бармап едi. Кейiн мен Ахура Маздадан көмек сұрадым, Ахура Мазда маған көмектестi. Мен азғантай адаммен Гумата абыз бен оның соңынан ерушiлердi СКАЧАТЬ