Экономикалық талдау негіздері. Жанар Оралбаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық талдау негіздері - Жанар Оралбаева страница 5

Название: Экономикалық талдау негіздері

Автор: Жанар Оралбаева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-0521-9

isbn:

СКАЧАТЬ Кешенді талдау – жан-жақты жүргізілетін талдау.

      2. Тематикалық (тақырыптық) талдау – қазіргі кезде неғұрлым қызығушылық танытып отырған жеке бөліктері ғана зерттелетін талдау.

      Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

      1. Талдау түсінігі, талдаудың қажеттілігі.

      2. Талдаудың атқаратын рөлі.

      3. Талдау мазмұны, талдаудың міндеттері.

      4. Талдау мен синтездің өзара байланысы.

      5. Талдаудың ақпараттық көздері.

      6. Салалық ерекшеліктері бойынша талдаудың жіктелуі.

      7. Уақыт белгілеріне байланысты жіктелуі.

      8. Кеңістік белгілері бойынша жіктелуі.

      9. Зерттеу аспектілері бойынша жіктелуі.

      10. Объектілерді зерттеу әдістері бойынша жіктелуі.

      11. Субъектілері (пайдаланушылары) бойынша жіктелуі.

      12. Зерттеу объектілерін қамту деңгейі бойынша жіктелуі.

      13. Бағдарламаның мазмұны бойынша жіктелуі.

      2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСІ МЕНӘДІСТЕМЕСІ

      1. Ұйым қызметін экономикалық талдау әдістемесі

      2. Факторлық талдау әдістемесі

      3. Экономикалық талдауда қолданылатын ақпараттарды өңдеу әдістері

      4. Экономикалық талдауда факторлардың әсер етуін бағалау әдістері

      5. Экономикалық талдауда резервтердің көлемін анықтау әдістемесі

      1. Ұйым қызметін экономикалық талдау әдістемесі

      Экономикалық талдау әдісі – бұл ұйым қызметінің тиімділігін жоғарылату жолдарын іздестіру мақсатымен қызмет нәтижесін жүйелі және кешенді түрде зерттей отырып, оған әсер ететін факторларды анықтау және жалпылау.

      Экономикалық талдау әдісі аналитикалық зерттеулердің бірқатар нақты әдістемелерін қолдануды қарастырады.

      Экономикалық талдау әдістемесі – бұл ұйым қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің аналитикалық тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы.

      Экономикалық талдау әдістемесінің негізгі екі элементі бар:

      1. Талдау технологиясы (аналитикалық жұмыстарды орындау тізбектілігі);

      2. Объектілерді зерттеу тәсілдері.

      Талдау технологиясы мынандай кезеңдерден тұрады:

      1. Талдау объектісі, мақсаты мен міндеттері нақтыланады, аналитикалық жұмыс жоспары жасалады.

      2. Талдау объектісі сипатталатын синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.

      3. Талдауға қажетті ақпараттар жинақталады.

      4. Нақты нәтижелер жоспар көрсеткіштерімен салыстырылады.

      5. Факторлық талдау жүргізіледі: факторлар анықталады және олардың нәтижеге әсер етуі анықталады.

      6. Өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтері анықталады.

      7. Әртүрлі факторлардың анықталған резервтерге әсер етуін ескере отырып, ұйымның СКАЧАТЬ