Название: Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару
Автор: Өтеғали Шеденов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0673-5
isbn:
3. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің критерийлері, көрсеткіштері және шекті мәндері
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – бұл жалпы экономиканың және халықаралық деңгейлердегі қоғамдық сұраныстарды тиімді қанағаттандыру қабілеті. Немесе, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік негізінен Қазақстанның экономикасының тиімді қарқынды дамуына қоғамның, мемлекеттің, жеке тұлғаның сұраныстарын қанағаттандыру қабілетіне қолайлы жағдай жасайтын, әртүрлі қауіптер мен шығындардан кепілдендіретін ішкі және сыртқы талаптар жиынтығы. Осыдан, екі қорытындыны шығаруға болады:
– Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі, ең алдымен экономиканың өзінің тиімділігімен қамтамасыз етілуі тиіс, яғни мемлекет жүзеге асыратын қорғаныс шараларымен қатар, ол еңбектің жоғары өнімділігі мен өнімнің сапасы негізінде өзін-өзі қорғауы тиіс және т.б.
– Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қандай да бір жалғыз ғана мемлекеттік органның, қызметтің басымдығы болып табылмайды. Оны мемлекеттік органдардың бүкіл жүйесі, экономиканың бүкіл звенолары және құрылымдары қолдауы тиіс.
Алғашқы басталуы кезіндегі әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті сандық бағалаудың екі аспектісі бар: 1) масштабты өлшеу; 2) экономикалық бағалау.
Әр алуан әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің салыстырмалы көрсеткіштерін салыстыруға болады, ал қажетті жағдайда оларды қосуға да болады. Мұндай жағдайда индексті әдіс пайдаланылады.
Тиімділігі тұрғысынан қауіп индикаторларын саралау үшін сараптамалық бағалаулардың танымал әдістері (сауалнама, «Дельфи» әдісі және т.б) қолданылады. Салыстырмалы әдіс, ол шекті көрсеткіштерді іс жүзіндегі көрсеткіштермен салыстыруды жүзеге асырады және шекті көрсеткіштер мен қолданыстағы көрсеткіштердің айырмасын ескере отырып, экономикалық қауіпсіздікке бағалау жасалады.
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәндерін іс жүзінде пайдалану аймақ атауын бөлетін шекаралық нүктелерді есептеу мен бағалауға негізделеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сипаттайтын көрсеткіштер төрт негізгі топқа біріктірілді (7-сурет).
Әрбір топтың өзіндік даму индексі бар. Олар ішкі көрсеткіштер сомаларын олардың санына бөлу арқылы ортақ арифметикалық көрсеткіштер ретінде есептелінді. Негізгі төрт топ бойынша шектік көрсеткіштерді еліміздің индикаторларына салыстырмалы талдау жасалды және төрт төмендегідей топтарға топтастырылды:
1) ұлттық экономиканың индустриальды-инновациялық және тұрақты экономикалық даму қабілеті индексі;
2) тұрақты қаржы жүйесі индексі;
3) сыртқы экономикалық қызмет индексі;
4) әлеуметтік және демографиялық даму индексі.
Мемлекеттік ерекшеліктер берілген мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге жалпы СКАЧАТЬ