Название: Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы
Автор: А. Турлыбекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-0713-8
isbn:
1.3 Инвесторлар – жеке және институционалды инвесторлар.
2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мыналар:
2.1 Брокер – бағалы қағаздар нарығы клиентінің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.
2.2 Дилер – ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен (эмиссиялық) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.
2.3 Тіркеуші – бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімдері жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы.
2.4 Бағалы қағаздарды нақты ұстаушы – нақты ұстау шартына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерін тіркеуге байланысты қызметті жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Орталық депозитарий, кастодиан, брокер және дилер нақты ұстау қызметін көрсетуге құқылы.
2.5 Кастодиандар – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге қызметті жүзеге асыратын кәсіби қатысушылар.
2.6 Орталық депозитарий – орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий Қазақстан республикасы аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден-бір ұйым болып табылады. Депозитарий қызметі – бағалы қағаздар иелерінің құқықтарын есепке алу және растауға, бағалы қағаздармен мәміле жасауда техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты қызмет.
2.7 Инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы – бағалы қағаздар нарығының азаматтық құқықтық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп және соның есебінен жүзеге асыратын кәсіби қатысушы.
2.8 Сауда-саттықты ұйымдастырушылар – қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы жатады.
2.9 Трансфер агент – бағалы қағаздар нарығы өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы.
2.10 Клирингтік қызмет – Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу деген ұғымды білдіреді. Клиринг – есептейтін компьютерлік жүйе мен әдістерді пайдалану негізінде, арнайы мекеменің көмегімен іске асырылатын, мәміле бойынша жиынтық есеп айырысу операциясы.
3.4 Бағалы қағаздар нарығының іінфрақұрылымы
Бағалы қағаздар нарығының СКАЧАТЬ