Фирмалар қаржысы. Баян Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова страница 4

Название: Фирмалар қаржысы

Автор: Баян Купешова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-1289-7

isbn:

СКАЧАТЬ қамтамасыз етілуін көрсетеді.

      Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Кейбір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс үрдісінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы [3].

      Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша, «Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы».

      «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы» [4].

      Қаржылық жағдайды бағалауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

      − кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

      − кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;

      − кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

      − баланс өтімділігін талдау;

      − кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

      2.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негіздері

      Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

      Қаржылық есеп беруге төмендегілер жатады:

      1. Бухгалтерлік баланс (қаржылық жағдай туралы есеп).

      2. Табыстар мен шығындар туралы есеп (жиынтық табыс туралы есеп).

      3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

      4. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп.

      5. Түсіндірме жазбалар [5].

      Қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп, есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер түсініктерін жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

      Бухгалтерлік есеп – субъектілерді пайдаланушылардың қарауына ұсынатын қаржылық ақпаратының сипаты мен көлеміне байланысты. Пайдаланушылар әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, инвесторлар немесе несие СКАЧАТЬ