Название: Тәуекелді басқару
Автор: Гүлмира Нұрсейтова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1302-3
isbn:
Тәуекел факторларын болжаудағы ішкі ортаны талдау әдістеріне компанияның даму бағыттарын, өнімнің, технологияның өмірлік циклін талдау, патенттік талдау, қаржылық көрсеткіштерді талдау және қаржылық жағдайдың рейтингтік моделі жатады.
– компанияның даму бағыттарын талдау барысында компания тауарларының альтернативаларын (ағымдағы тауарлар, жетілдірілген тауарлар, жаңа тауарлар) нарықтың мүмкін болатын варианттарымен (ағымдағы нарық, кеңейтілген нарық, жаңа нарық) салыстырады. Салыстырудың нәтижесінде компания нарықтық өсу мүмкіндігін және осы өсумен байланысты тәуекелдерді анықтай алады;
– өнімнің өмірлік циклін талдау нарықтың өсу динамикасы мен өнімді басқару маңыздылығын анықтау үшін қолданылады және компания басшылығына нарықтағы өзгерістермен байланысты өнімнің тауарлық ассортиментінің өзгеру тәуекелін болжауға мүмкіндік береді;
– технологияның өмірлік циклін талдау болашақтағы стратегияны негіздейтін технологиялар туралы шешім қабылдау мақсатымен компанияның технологияларын бәсекелестердің әлеуетті технологияларымен салыстыру болып табылады;
– патенттік талдау арқылы компанияның инновациялық қызметін жоспарлау мақсатымен технологиялық тенденцияларды болжауға және нарықта жаңа тауарлар мен технологиялардың пайда болуымен байланысты тәуекелдерден қашықтауға болады;
– қаржылық көрсеткіштерді талдау компанияның қаржылық жағдайын бағалауға және төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылықты жоғалту тәуекелдерін болжауға мүмкіндік береді;
– қаржылық жағдайдың рейтингтік моделі қомпания қызметінің негізгі нәтижелерін (төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын, компанияның іскерлік белсенділігін және рентабельдігін) сипаттайды.
Сандық талдау тәуекелдердің пайда болу ықтималдығын және олардың компанияға тигізетін әсерін анықтау нәтижесінде шешім қабылдауға және белгісіздіктен қашықтауға мүмкіндік береді.
Сапалық талдау барысында тиімділік критерийлердің сезімталдығын талдау әдісі, сценарийлер әдісі, тәуекелді талдаудың эксперттік әдісі, шешімдер ағашын құру әдісі, Монте-Карло (имитациялық модельдеу) әдісі және т.б. әдістер қолданылады.
Кәсіпкерлер тәуекел түсінігін «шығын», «ысырап» мағынасында түсінеді, алайда кейбір жағдайда тәуекел күтілмеген табыс пен пайда алып келуі мүмкін. Осы кезге дейін кәсіпкерлердің көпшілігі тәуекелдерге тиісті көңіл бөлмеді. Сол себепті олар белгіленген мақсатқа жете алмауда. Сонымен қатар көптеген адамдар тәуекелді шешім қабылдау арқылы жүзеге асатын бір уақытша құбылыс ретінде түсінеді. Алайда оны үздіксіз үдеріс ретінде түсінсе ғана оны ұтымды басқаруға болады.
Мүлдем тәуекелі болмайтын компаниялар жоқ, тіпті, шағын компанияда да төмен дәрежелі болса да тәуекел орын СКАЧАТЬ