Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов страница 17

Название: Экономикалық ілімдер тарихы

Автор: Коллектив авторов

Издательство: КазНУ

Жанр: Экономика

Серия:

isbn: 978-601-247-814-3

isbn:

СКАЧАТЬ ол «Халық байлығының табиғаты және оның себептері туралы зерттеу» атты негізгі еңбегін аяқтады, бұл еңбекте ең алғаш рет жүйелі түрде нарықтық механизмдерінің әсері негізінде экономикалық дамудың теориясы жүйелі түрде баяндалған. Өзіне дейінгі ғалымдардан ерекшелігі, А. Смит экономика туралы үзік көзқарастардың жиынтығын емес, нағыз әлеуметтік және экономикалық философияны қалыптастырды.

      Физиократтар сияқты, А. Смит әдістемесі де табиғи тәртіп туралы ұстанымға, оның салдары ретіндегі экономикалық либерализм концепциясына негізделеді. Табиғи тәртіп ретінде автор қоғамның адам табиғатына лайықты қоғам құрылысының орнауын айтады. Адам өзінің табиғаты бойынша – эгоист, ол өзінің жеке қажеттіліктерін өтеуге, пайда табуға және өзінің қызығушылықтарын қанағаттандыруға ұмтылған. Тура осындай адамды А. Смит «экономикалық адам» деп атайды.

      А. Смиттің «Халық байлығының табиғаты және оның себептері туралы зерттеу» шығармасы бес кітаптан тұрады. Бірінші кітапта қоғамдық еңбек бөлінісін, оның артықшылықтары және салдарларын зерттеу негізінде құнның сипаттамасы берілген және табыс бөлінуінің талдауы жүргізілген. «Капитал табиғаты, оның қорлануы мен қолданылуы» атты екінші кітабы негізінен экономиканың қозғаушы күші ретінде капиталға талдау жасауға арналған. А. Смит капиталға анықтама бере отырып, оның негізгі және айналмалы бөлігінің қозғалысының ерекшеліктерін, жинақтарының шарттары және капиталды орналастырудың түрлерін қарастырады. Нақ осы екі кітапта саяси экономияның теориялық сұрақтары зерттеледі.

      Үшінші кітапта Еуропа экономикасының дамуы туралы тарихи очерктері және ең алдымен, феодализм және капитализмнің орнығу кезеңдеріндегі ауыл шаруашылығының дамуы жазылған. «Халық байлығыньщ…» төртінші бөлімінде саяси экономияның дамуына шолу жасалады. Автор меркантилистік көзқарасты сынай отырып, экономикалық либерализмнің артықшылықтарын, соның ішінде сауда еркіндігін дәлелдейді. Және де ең көлемді бесінші кітап қаржы трактаты секілді: салық саясаты және мемлекеттің шығындарын қарастырады.

      Смит қарастыратын негізгі мәселе коғам байлығы түсінігі, оның көздері болып табылады. Қоғам байлығы ретінде екі жағдаймен анықталатын материалдық байлықтар түсініледі: біріншіден, еңбек өнімділігінің даму деңгейі, екіншіден, өнімді еңбекпен айналысатындар үлесі. Еңбек өнімділігін арттыру, жұмысшылардың шеберлік деңгейі еңбек бөлінісімен анықталады. Еңбек бөлінісі арқылы ұлттық өнімді жасаудағы адамдардың бір-бірімен байланысы орнығады. Қолөнерші шаруаны киім тігуден босату арқылы ауыл шаруашылық өнімінің өсіміне көмектеседі, ал шаруа қолөнершіні бидай егуден босатып, өнеркәсіптің дамуына көмектеседі.

      Экономикадағы еңбек бөлінісі және маманданудың арқасында мыналар жүзеге асырылады: 1) жұмысшы шеберлігінің шыңдалуы; 2) бір жұмыс түрінен екінші жұмыс түріне ауысқандағы жоғалатын уақыттың үнемделуі; 3) еңбекті қысқартатын және жеңілдететін машинаның ойлап табылуы. Осының нәтижесінде еңбек өнімділігі күрт өседі. Смит хрестоматиялық мысалға айналған түйреуіш фабрикасын мысалға келтіреді, бұнда түйреуіш дайындау үдерісі бірнеше ондаған сатыға бөлінуінің арқасында жұмысшы бір түйреуіштің орнына 4800 түйреуіш шығара бастады. Еңбек бөлінісінің қарқындылығы СКАЧАТЬ