Практикалық археология. Ғани Омаров
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Практикалық археология - Ғани Омаров страница 4

Название: Практикалық археология

Автор: Ғани Омаров

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 978-601-247-529-6

isbn:

СКАЧАТЬ немесе зақым келтірілген тарихи және мәдени ескерткіштер жарамсыз саналады.

      «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану заңдылықтарын бұзудағы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы» 1993 жылғы 23 қарашадағы № 2493-ХІІ Қазақстан Республикасының Заңының «Тарих және мәдениет ескерткіштерін немесе табиғи нысандарды жою, қирату және бүлдіру» туралы 216-бабында мемлекет қорғауындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін немесе табиғи нысандарды ауыр жағдайларға әкеле отырып, абайсызда жою, қирату және бүлдіру – бір жылға дейінгі мерзімге бас еркінен айырумен немесе екі жылға дейінгі мерзімдегі еңбекпен түзету жұмыстарымен немесе оннан елуге дейінгі минималды еңбекақы көлемінде айыппұл салумен жазаланады.

      Мемлекет қорғауындағы тарих және мәденнет ескерткіштеріне немесе табиғи нысандарға әкімшілік шара қолданылған уақыттан кейінгі бір жыл ішінде қысым көрсету – үш жылға дейінгі мерзімге бас еркінен айырумен, немесе екі жылға дейінгі мерзімдегі еңбекпен түзету жұмыстарымен немесе жиырмадан жетпіске дейінгі минималды еңбекақы көлемінде айыппұл салумен жазаланады.

      Мемлекет қорғауындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін немесе табиғи нысандарды әдейі жою, қирату немесе бүлдіру – үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас еркінен айырумен, немесе екі жылға дейінгі мерзімдегі еңбекпен түзету жұмыстарымен жазаланады.

      Осы баптың үшінші бөлімінде көрсетілген, қайталанған немесе ауыр жағдайларға әкелген әрекеттер – үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас еркінен айырумен жазаланады.

      Кейбір ТМД елдерінде мәдени құндылықтарды ұрлаған жағдайға құқықтық жауапкершіліктер қарастырылған.

      1.3. Жергілікті және құрылыс жұмыстары кезіндегі археологиялық нысандарды қорғау ережесі

      Алдағы мемлекеттік заттарды тіркеу, қорғау, археологиялық мұраларды пайдалану мақсатымен құрылыс жұмыстары кезіндегі археологиялық нысандарды қорғау туралы құжат бар. Ол мемлекеттік органдардың құрамын, жергілікті және құрылыс жұмыстары кезіндегі археологиялық нысандарды қорғау туралы шараларды бекітеді. Бұл шаралар археологиялық ескерткіштердің шаруашылық және құрылыс нысандарына түскен жағдайда тіркеуге алынып зерттелуі керек. Ережеде археологиялық нысандардың шекарасы туралы түсініктеме беріледі:

      Археологиялық нысандар – адамдардың тіршілік әрекетінен бастап жаңа тарихтың басталғанына дейін және арнайы археологиялық әдістердің негізінде пайда болған материалдық нысандар мен оның кешендері. Бұған ежелгі бекінісі бар (қалашық, қамал) және бекінісі жоқ (тұрақтар, ауылдар) қорғандар, транспорттық жолдар, мәдени орындар (қасиетті жерлер, жазуы, суреті бар тастар) және т.б. жатады. Археологиялық нысандардың шекарасын жер бөлігі құрайды.

      Археологиялық нысандардың қорғалған аймағы – археологиялық нысанға Мемлекеттік тізімнің тарихи-мәдени құндылықтар қатарына кіргізілген археологиялық обьектіге СКАЧАТЬ