Название: Практикалық археология
Автор: Ғани Омаров
Издательство: КазНУ
Жанр: История
isbn: 978-601-247-529-6
isbn:
Құрылыс нысандарында жұмыс жасайтын археологтар алдында құрылыс жүретін аймақтарға түскен археологиялық ескерткіштерді тез әрі берілген уақытында жан-жақты зерттеу міндеті тұр. Казақстанның көптеген қалаларында еліміздің әр аймақтарынан табылған жәдігерлер оқу орындарындағы музейлер, өлкетану мүйістерінің экспонаттары ретінде орын алған.
Қазіргі таңда далалық зерттеу жұмыстарына баса назар аударылу керек. Маман археологтардың квалификациясын өсіріп, археологиялық экспедициялардағы қазба жұмыстарына қатаң бақылау орнату қажет.
Сондықтан әртүрлі категориядағы археологиялық ескерткіштерді көп жылғы тәжірибеге және құрылыс аймақтарына түскен нысандарға сүйене отырып, оқу құралының авторы жас археологтар мен мамандардың назарына ескерткіштерді оқып, білудің қажеттілігін айтады.
Бүгінгі күн талабына сай заң шығарушы актінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып археологиялық нысандарға қатысты, оның ережелері мен қолданулары, жобамен жұмыс жасау және құжаттарды безендіру де сөз болады.
1-бөлім. ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУ МЕХАНИЗМІ
Этностың өзіндік идентификациялануы мен қалыптасуын анықтауда маңызды рөл атқаратын тарихи-мәдени мұраларды сақтау мәселесі – Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы маңызды бағыттарының бірі.
Ескеркіштер дәстүрлі және тұрмыстық мәдениет құндылықтарын сақтау және көбейту арқылы ұрпақтарды байланыстыратын құрал болып табылады.
Олар мәдени мұраның құрылымдарының бірі ретінде маңызды әлеуметтік қызметтерді орындаумен қатар ғылым, білім және мәдениет дамуының мақсатына айналып, туған жерге деген сүйіспеншіліктің қалыптасуына, адамгершілік және эстетикалық тәрбиеге ықпал етеді.
Қазақ халқының әлемдік өркениет қазыналарының құрамына кіретін, мәдени құндылықтарға ие жәдігерлерінің көп ғасырлық тарихы бар. Ескерткіштердің саны мен әр алуандылығы жағынан Қазақстан Үндістан, Қытай, Жерорта теңізі және Таяу Шығыс елдерінің қатарынан қалмаған өзіндік ашық аспан астындағы мұражай болып табылады.
Көптеген археологиялық олжалар Қазақстан аумағын мекендеген – сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы (б.з.б. бірінші мыңжылдық), кейінгі түркі қағанаттары, қарлұқ, оғыз, қыпшақ секілді ежелгі тайпалардың отырықшы-егінші және көшпелі мәдениет өркениетінің дамуы жоғарғы деңгейде болғандығын дәлелдейді.
Қазақстанның мәдени мұрасы өзіне осы мекенде өмір сүрген барлық халықтардың әртүрлі мәдени құндылықтарын жинаған. Оның құрамына тарих, археология, архитектура мен монументальдық өнердің 25 мыңға жуық жылжымайтын ескерткіші, мәдени құндылықтардың 2 млн. 56 мың бірлігі, экспозиция мен қор құрамындағы 89 мемлекеттік мәдени жүйедегі мұражайлар, 66 млн. 840 мың томдық кітаптар, мәдениет жүйесіндегі 3495 мемлекеттік кітапханаларда сақтаулы тұрған сирек кездесетін қолжазбалар мен шығармалар кіреді.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі қабылданған алғашқы заңдарына «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» заңы (1992 жылдың шілдесі) және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңның бұзылуына байланысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің күшеюі туралы» заңы (1993 жылдың қазаны) жатады.
Әлемдік Мұралар Орталығының ұсынысымен Қазақстан Республикасындағы екі нысан – Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені әлемдік мұралар тізіміне енгізілді.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға байланысты 20042006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан кейін «Мәдени мұра» бағдарламасына Ресей, АҚШ, Жапония, Германияның зерттеушілері қатысты.
Оның негізгі мақсатына: ұлттық мәдениетте маңызды орын алатын, тарихи-мәдени ескерткіштердің бөлігін қалпына келтіру, фольклор, дәстүр мен ғұрыптарға байланысты ауқымды мәдени мұраның зерттелуінің тұтас жүйесін құру, әлемдік мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілде толыққанды қорын құру жатады.
Бағдарламаның осы мақсаттарға байланысты қалыптасқан міндеттеріне Ақмола облысындағы Бұзоқ, Алматы облысындағы Есік, Талғар обалары, Қойлық қалалары, Атырау облысындағы Сарайшық қаласы, Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті, Берел обалары, Жамбыл облысындағы Ақыртас қаласы, Қарағанды облысындағы Талдысай, Кент, Айбас-Дарасы қонысы, Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қоныстары, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жуантөбе, Сауран, Созақ, Отырар қалалары секілді ежелгі, ортағасырлық қоныстарды зертеу және археологиялық қазба жүргізу СКАЧАТЬ