Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі. Қ. Абубакирова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова страница 17

СКАЧАТЬ және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5 %-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.

      Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегі үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды ұқсату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiредi. Қауiп апатты жер сiлкiнiсi, көшкiн, сел, сырғыма, су тасқыны, өрт, өндiрiстiк объектiлердегi қауiптi өнәркәсiп және басқа да авариялардың нәтижесiнде адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуiне байланысты.

      1994 жылдан бастап төтенше жағдайлар салдарынан Қазақстанда шамамен 40 мың адам қайтыс болды және 250 мыңнан астам адам зардап шектi. Сараптамалық бағалау бойынша төтенше жағдайлардан (жаhандық дүлей апаттар болмаған кезде) келетiн тiкелей және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллиард теңгенi құрайды.

      Орман өрттерiнiң экожүйелерге елеулi зиян тигiзуi жалғасып отыр. Бұл орайда оларды уақытылы анықтау проблемасы шешiлмеген. Орман өрттерiмен күресудiң сенiмдi және экономикалық жағынан тиiмдi авиациялық құралдары жоқ.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын азайту үшiн:

      өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жүйесiн, болжау қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiруге мемлекеттiк материалдық резервті, елдің авариялық-құтқару күштерiн және жедел әрекет ету күштерiн қалыптастырудың негiздерiн қайта қарауға бағытталатын Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу;

      2006 жылға дейiн көмiрсутегi кен орындарын игерудiң геодинамикалық қауiпсiздiгiнiң бағдарламасын қабылдау және геодинамикалық мониторинг жүйесiн құру;

      2005-2006 жылдары орман өрттерiн жою жөнiндегi қымбат тұратын шаралардан жеңiл ұшақтардың жеке паркi бар мамандандырылған бөлiмшелер құрумен әуе патрулiнiң көмегi арқылы уақытылы ерте табу мен оларды бастапқы сатысында сөндiру жөнiндегi алдын алу шараларына көшу үшiн орман өрттерi туралы хабарландырудың СКАЧАТЬ