.
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу - страница 7

Название:

Автор:

Издательство:

Жанр:

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ не алтыншы атам» деп жөн-жосықсыз табан астында айнитындар да табылып жатыр, оған не дерсіз. Біздіңше, жеті атаны жоғарыдағы мақаласында ғалым-этнограф, жазушы, С.Кенжеахметұлы тілге тиек етіп кеткен халқымыздың тарихы пен шежіресін бір кісідей жете білетін аяулы азаматтары–кезінде бірі еліміздің көрнекті мемлекет қайраткері, патшасы, ал екіншісі қоғам қайраткері, айтулы классик жазушысы болған Д.А.Қонаев пен С.Мұқановтан артық кім бөле-жара дұрыс, жеткізе санай алмақ дегіміз келеді. Осы ретте бүйректен сирақ шығарып, «велосипедті» қайта ойлап табуға ниеттенбей, кезінде білетіндер салып кеткен сүрлеу, соқпақ жолмен неге жүре бермеске деп ойлайсыз?!

      Мысалы, шежіремнің ұрпақ тарқату кестесінде көрсетілгендей, менің 5-атам Сұңқар болса, менімен туыс, құрдасым Шүкірбек бауырымның да 5-атасы Сұңқар. Демек біз онымен бесінші буыннан қосылатын ағайынбыз. Қарапайым арифметика емес пе, екеумізге ортақ осы Сұңқар баба кейінгі ұрпақтарымыздың 7-аталарына айналған шаққа дейін олар өзара туысқан жандар болып қала бермек. Туыстық ара-жіктері 8-атаға өтерде ғана ажырайды. Қалабай баба Айтмахан ағамыз бен әкеміздің 3-атасы болса, ал менің 4-атам. Ендеше мен Айтмаханмен төртінші атадан қосылатын туыспын. Әлібек бабаҚылышбайдың да, менің де үшінші атамыз. Сондықтан біз 3-атадан қосылатын туысқанбыз. Ал мен Асанмен әкелеріміз біртуған ағайынды адамдар болғандықтан 2-атадан, Мыңжасардан қосыламын. Демек ол менің, жұрт аузында жиі айтылып жүретін екі туып, бір қалған жақын бауырым. Сонымен осы аталған ағайындар арасындағы қыз алыспас туыстық қатынастар қашан да болсын жаңағы біз айтып кеткен тәртіп бойынша есептеліп, шығарылады.

      Жеті атаны тарқатып, санаудың көнеден келе жатқан бұдан басқа жолы жоқ. Осы ретте айта кететін тағы бір жайт – көп әулеттер ағайындық қарым-қатынастарын тек жеті атасымен ғана шектеп қоймайды. Ақсақалдары жиылып, арнайы шешім шығармайынша олардың туысқандық қатынастары жетеуден асып, әрі қарай оныншы, он екінші аталарға да ауысып, жалғаса беретіндігі бар. Бұл әулет адамдары арасында қалыптасып, кең таралған аса бір үлкен бауырмашылдық белгісі екендігі анық. Жаһан халықтары арасында түрлі әзіл-күлкілі әңгімелерге арқау болған, туысқанға ең бай халық қазақ екендігі де содан ба дейміз.

      Құлаққағыс ете кететін тағы бір мәселе–жөн сұраса келгенде арамыз 2 ата немесе 3 ата, 4 ата деп емес, 2– немесе 3-, 4– атадан қосыламыз деп айту дұрыстау сияқты. Өйткені туыстық ара-қатынастарды түсіндіру үшін бұл жеңіл тәсіл. Сонымен жеті ата жөнінде айтқымыз келгені негізінен осылар. Кезек күттіріп тұрған өзге де тақырыптар бар болғандықтан осымен жеті ата жайлы әңгімемізді тамамдаймыз. Келесі тілге тиек етіп айтарымыз–қазақ атауы. Енді соған көшейік.

      Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы–қашанда қарға тамыр қазағымның осы «қазақ» деген атауы. Сондықтан біз де шежіремізді әрі қарай осы айтып отырған «қазақ» атауы тарихымен СКАЧАТЬ