Қасым: Әлө! Дариға! Дариға жаным! Әжетайым рұхсат берді ғой!
Дариға: (телефоннан:) О-о! Шын айтасың ба,Қасым?!
«Аттан! Аттан! Алға! Алға! «және «Тоқтаңдар! Тоқтатыңдар! «деген дауыстар күшейе келе, топырлаған аяқ дыбысы, сынған шыны, даңғырлаған, күңгірлеген, азан-қазан үрейлі үндер кернеп кетеді жер көкті.
Кенет дыбыс күшейткіштен қатал бұйрық естіледі: Атыңдар!
Атыс басталады.
Алаңнан шыңғырған адамдар дауысы естіліп қалып жатыр…
Қасым атыс даусына бір елең етеді де, мән бермей, сөйлей береді.
Қасым: Шын болғанда қандай! Менің әжем керемет, ғажайып кісі! Әлі көресің өзің де… Мен саған жеткенше асығып келемін! Сені қуантып, сені бір сүйгенше жанұшырып келемін…
Дариға: Ақырын, ақырын, әжесінің баласы-ай, ұят емес пе?!
Қасым: О, Дариға, Дариға-а… Ол сөзін аяқтай алмады… Ысқырған оқтың үнін естіген де жоқ, не болғанын сезген де жоқ. Қаңғыған оқ аузынан кіріп, көк желкесінен бір-ақ шықты. Жерге ұшып түскен Қасымның телефонынан:
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.